4. 1) Теплоход барлық жолға 5 сағ уақыт жұмсап, өзен ағысымен 48 км және кері қайтарда да осындай жолды жүзіп өтті. Өзен
ағысының жылдамдығы 4 км/сағ болса, теплоходтың меншікті
жылдамдығын табыңдар.
2) Меншікті жылдамдығы 20 км/сағ глиссер, өзен ағысы бойы-
мен 60 км жүзіп өтіп, кері қайтты. Глиссер барлық жолға
6,25 сағ жұмсаса, өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.
. 1) Жаяу адам қандай да бір уақытта 12 км жолды жүріп өтуі
керек еді, бірақ ол жолға 1 сағ кешігіп шықты, сондықтан оған
жылдамдықты 1 км/сағ арттыру керек болды. Жаяу адам қандай
жылдамдықпен жүрді?
2) Велосипедші қаладан турбазаға дейін 10 км жолды жүріп өтті.
Кері қайтарда ол жылдамдығын 5 км/сағ азайтты. Барған және
кері қайтқан жолына 1 сағ 10 мин уақыт жұмсады. Велосипедшінің
турбазадан қалаға дейін жүрген жылдамдығын табыңдар.