биг8
01.06.2021 09:46

Кто знает казахский язык
и понимает биологию


Кто знает казахский язык и понимает биологию

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Kate1892
02.04.2021 14:34

4.Тыныс алу дегеніміз-оттегінің сіңіріліп,көмірқышқыл газының бөлінуі,сонымен қатар өттегін пайдалану арқылы органикалық заттардың тотығуы.Тыныс алу -аэробты(оттекті) және анаэробты(оттексіз).                                                                                                          Өсімдіктердің тамырлары да,сабақтары мен жапырақтары да ,гүлдері мен әлі пісе қоймаған жемістері де тыныс алады.                                                Тыныс алу кезінде өсімдіктер ауадан оттегіні (О2)жұтып,көмірқышқыл газын(СО2)бөліп шығарады.Өсімдіктердің арнайы тыныс мүшелері жоқ.Газ алмасу жапырақ қабықшасындағы айрықша түзіліс -сабақтың қабығында орналасқан саңылау мен жасымықша арқылы жүзеге асырылады.Тыныс алу процесі өсімдіктің өсіп келе жатқан жас мүшелерінде ,әсіресе жапырақтарында  күшті ,ал сабағы мен тамырында баяу жүреді.

Фотосинтез(грекше *фото*-жарық,*синтез*-пайда болу)-өсімдік жапырағында күн жарықта жүретін үдеріс.Бұл үдеріс кезінде өсімдік атмосферадан көмірқышқыл  газын сіңіріп,күн сәулесінің әсерімен оттек және органикалық заттар бөліп шығарады.

Фотосинтез:

1.Көмірқышқылгазы мен суды пайдаланады.

2.Тек жасыл өсімдіктердің хлоропластарында  жүреді.

3.Тек жарықта ғана жүреді.

4.Өсімдіктің салмағы артады.

Тыныс алу:

1.Органикалық затпен оттегін пайдаланады.

2.Барлық тірі жасушаларда жүреді.

3.Күндіз де ,түнде де тыныс алады.

4.Өсімдіктің салмағы кемиді.

1.Фотосинтездің ашылу тарихы 1630 жылы басталды.                                 2.Ян Ван Гельмонт өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетінін дәлелдеген ғалым .                                                     3.К.А.Тимирязев фотосинтездегі хлорофилдің рөлін сипаттаған атақты орыс ғалым.                                                                                                                           4.Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез деп  атайды.                                                                                                                     5.Фотосинтез кезінде ең алғаш қант  түзіледі , содан крахмал өзгереді. 6.Қант жапырақтың хлоропласт бөлімінде түзіледі.                                  7.Жапырақтың фотосинтез жүретін бөлімі негізгі  ұлпаға жатады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота