Тапсырма №1 Тірі ағзаларға тән қасиеттерді және олардың сипаттамаларын сәйкестендіріңіз
Тірі ағзаға тән үдерістер
Сипаттамасы
1)зат алмасу
А) кезінде ағзаға қажетсіз, улы заттар, тұздар мен қорытылмаған заттардың сыртқа шығарылуы немесе бөлінуі
2)көбею
В) даралар санының артуына, таралуына, тіршілік ету аумағын кеңейтуге көмектеседі. Қолайлы жағдайда тұқымнан жаңа өсімдік пайда болады.
3)бөліп шығару
С) қоршаған орта мен ағза арасындағы газ алмасу процесі.
4)тыныс алу
Д) өсімдік күнге қарай бұрылады, жануарлар тіршілік етуге қажет жағдайларды іздеу мақсатында, қорек және т.б. үшін қозғалады.
5)қозғалу
Е) Олар тіршілік ету үшін қоршаған ортадан оттек, су, тағы солар секілді әр түрлі қоректік заттарды алып отыруы және шығаруы