Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.
Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистикада троп түрлері ежелден қарастырылып келеді. Квинтилиан оның 7 түрін атап көрсетсе, М.В. Ломоносов 11 үлгісін ұсынған, ал А.А. Потебня 3 түрі бар екенін айтады. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:
көріктеу,
меңзеу,
әсерлеу дейді.
Объяснение:
Компьютердiң зияны
Компьютердің алдында көп уақыт отырудың денсаулыққа зиян келтіретіндігін барлығымыз жақсы білеміз. егер мониторы ескі үлгідегі дөңес экранды компьютер болса, одан бөлінетін зиянды сәулелер көп болады, тиісінше компьютердің денсаулыққа кері әсері арта түседі.Егер дұрыс пайдалану ережелері мен уақыттық шамаларды ескермесе, компьютер балалардың да, үлкен ересектердің де көздеріне ауырлық (күш) түсіреді, организмі сәулеленеді, денесі қалыпты жағдайдағы отырысқа қарағанда біраз ауытқығандықтан ауырсыну байқалуы мүмкін, жүйкесіне кері әсер етеді.