Жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын ландшафтың яғни жердің кедір-бұдырының бір түрі. Шөлде түсетін жауын-шашын мөлшерінен булану шамасы 7 – 30 есе артық болады. Шөл топырағы және грунтына қарай: ертедегі аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары үстінде қалыптасқан құмды Шөл гипстелген құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы малтатасты және құмды-малтатасты Шөл; үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты Шөл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты Шөл; жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шөл; тау етегі жазығындағы ллссті Шөл; тау алды жазығы мен өзендердің ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шөл; тұзды мергелдік және сазды аласа таулы өңірдегі саздақты-шөладырлы Шөл; тұзды құмтөбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шөл болып бөлінеді. Құрлықтың ішкі бөлігінде орналасу жағдайына қарай құрлықтық (Гоби, Такла-Макан, т.б.) және құрлықтардың батыс жағалауларында орналасқан жағалаулық (Атакама, Намиб, т.б.) Шөлдерге бөлінеді. Геогр. орнына қарай тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеу және Арктика мен Антарктида (арктиктик Шөл немесе мұз Шөлі) Шөлдері болып бөлінеді; тауларда Шөл (суық биіктаулық Шөл) биіктік ландшафт белдеуін құрайды.
Объяснение:
...
Қорқыт атаның нақыл сөздері адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік- тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері сөз болды. Қорқыт Атаны жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады. Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде, біріншіден, даналық толғаныстары мен тұжырымдары, өсиетнамалардан, ғибратнамалар арқылы көрінсе, екіншіден, жырларының идеясы мен ішкі формасынан, үшіншіден, әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңестері мен батасынан сезімдік сипатты тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқатады.