Берілген мәтінді қолданып, КСРО-дағы 1920-1930 жылдардағы қабылданған шешімдердің әлеуметтік топтарға әсерін салалар бойынша талдаңыз. 1926—1928 жылдарда Кеңес үкіметі ескі зауыттар мен фабрикаларды жөндеуге және жаңа кәсіпорындарды салуға арналған қаржыны 3 есе көбейтті. 1930 жылдардың соңында Кеңес Одағы өнеркәсіп өнімін шығару жөнінен Еуропада бірінші орынға және дүниежүзінде екінші орынға шығып, индустриялы-аграрлы елге айналды.
1932—1933 жылдарда ел ашаршылыққа ұшырады. Украинада, Едiл бойында, Қазақстанда сансыз адам қырылды. Қазақ ұлты 2,5 млн-нан астам адам шығынын шекті. 1937 жылышаруалардың 93%-ы ұжымшар қатарында болды. 1930 жылы лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, кейін ол ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. Халық жауы деп айып тағылған тұтқындар аса ауыр жағдайларда ұсталды.
Буржуазия
Жұмысшытабы
Зиялылар
Шаруалар