Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық қарым-қатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген және әр рудың басында ағамандар тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Сонымен бірге, ғұндар әскери тұтқындардан тұратын құлдар ұстаған.
Бір қызығы, ғұндар ер азаматтардың барлығын қатардағы жауынгер деп саналған. Жазба деректерде ғұндар билеушісінің шаньюй деп аталғаны көрсетілген. Елді шаньюй билесе, олардан кейін түменбасылар тұрған.
Әлемдік тарихта әйгілі із қалдырған Ғұн тайпалық одағы бастапқыда (б.д.д. ІІІ ғ.) Монғолстанның орталық және солтүстік аудандарынан Солтүстік Қытай, Оңтүстік Бурятияға дейінгі аралықты мекендеді. Ел мен елдің арасында мәдени байланысқа ұйтқы болған Ғұн (Қытайша Сюнну) тайпасы халықтардың ұлы қоныс аударуының бастаушысы еді. Кезінде Қытайға қрғидай тиіп Ұлы Қытай қорғанын салуға себепкер болды. Осынау жаужүрек көшпелі тайпаның этникалық тегі жайлы мәселе ғылымда шешімін таппаған. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді. Ғұндардың құрамына көптеген тайпалардың кіргенін ескерген кейбір ғалымдар «Ғұн» терминіне этникалық тұрғыдан емес саяси мағынада қараған жөн деген ой айтады.Ғұндардың археологиялық ескерткіштерін кезінде Кеңес ғалымдары жақсы зерттеген. Олардың негізгі ескерткіштері Селенгі өзені мен оның сағалары Орхон, Жиде және Чикая өзендерінің бойында орналасқан.
Відповідь:
вот
Пояснення:
Археологический памятник — объект материальной культуры, несущий в себе определённый объём информации о
Башня — инженерное сооружение, отличающееся значительным преобладанием высоты над стороной или диаметром основания.
Караван-сарай — постоялый двор для караванов на торговом пути, дом отдыха; а также «хан» , Караван-серай— большое общественное строение на Ближнем и Среднем Востоке и в Средней Азии, в городах, на дорогах и в ненаселенных местах, служащее кровом и стоянкой для путешественников, как правило — для торговых караванов.
Балбал — тип каменной бабы; небольшой, иногда обработанный каменный столб.