angelochekbobi
12.10.2022 09:07

Талдау
елімізде электр тапшылығын
жоюдың тың жолдары пайда
болды. енді арқа төсіндегі -
сыз соққан жел электр энергия-
сы жеткіліксіз елді мекендерді
қуат көзімен қамтамасыз етпек.
яғни, мұнда жел электрстансыла-
рын салу жоспарланып отыр.
қазақстан – табиғи ресурстарға
бай ел. сондықтан жел электр-
жел энергиясы стансысы
стансысын салуға мүмкіндік мол.
желдің арқасында жұмыс істейтін стансылар қуат көзін жеткілікті
өндірсе, токтан тарылып отырған ауыл-аймақтарға таратылады.
сонымен қатар көрші елдерге де тасымалдауға болады.
отандық және шетелдік компаниялардың осы бағытта жүргізіп
жатқан жұмыстары жаңашылдықпен жүзеге асуда.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
z79090123488
13.01.2020 22:16

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
zaj2015
11.06.2022 22:36

Хан Тәңірі шыңы

Қазақстан Республикасының Қырғызстан және Қытаймен шекарасындағы ең жоғарғы биік шыңы болып табылады, шамамен 7 мың метрдей. Әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі. Оның төртқырлы пирамида іспеттес формасы оған ерекше көрік береді. Шыңның бір жақ бетін мәрмәрлі қабырға безендірген. Оны бағындыруды көптеген туристер армандайды.

Бурабай курортық аймағы

Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасындағы қылтадан табиғаттың керемет сұлулығын көре аласыз. Жаныңызды жадыратар жазда көл жағасында демалсаңыз, қыста көңіліңізді сергітер спорттық сауықтарға аударуға болады.

Шарын шатқалы

Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шет­елдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас. Шатқал 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан. Оның құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Мұнда өсімдік атаулының 1500 жуық түрі бар, 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота