Жомарт Атымтай — Шығыстың көптеген халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, халық жадында құрметпен әспеттелетін адам.
6 ғ-да өмір сүрген деген жорамал бар. Түп-төркіні Тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллахқа (Хатим-Тай) саяды. Атымтай Жомарт туралы шығармалар ерте кезден белгілі. Олар сюжеттік, жанрлық сипатына қарай үш топқа бөлінеді:
1-топтағы шығармалар хикаяттық сипатта баяндалады. Онда Атымтай Жомарттың өмірі әңгімеленеді, оның жомарт болу себептері баяндалады.
2-топтағы шығармалар — таза қиял-ғажайып ертегілері. Олардың сюжеті бір-бірімен үндес. Мұнда Атымтай Жомарт — асқан бай, таусылмас қазынаның иесі. Оның жомарт болуы осыдан.
3-топтағы шығармалар — тұрмыс-салт ертегілері. Бұларда Атымтай Жомарт — келген қонаққа берер асы жоқ, тақыр кедей. Сонда да жомарт болып бейнеленеді. Адамға деген қайырымдылық, сүйіспеншілік — оның ең басты қасиеті екені ашыла түседі. Атымтай Жомарт туралы аңыз-ертегілер негізінен “Мың бір түннен” бастау алады. Қазақ тіліне аударылып, бірнеше мәрте басылған “Мың бір түн” оқиғалары қазақ оқырмандары арасына кеңінен тараған.
Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы» («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған. Мақаланы ұзақ ойлану, пікір тезистерін жазу, алдын апа мақаланың жоспарын қуру аркылы деректер көзін жүйелеп, айтар ойпікірлерін жинақтап барып, қағазға түсірген. Бұл ерекшеліктер Мұхтар Әуезовтің «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» атты кітабына енген «Абай жолы» эпопеясының жазылу тарихынан» деген бөлімінде берілген шашпа пікірлері мен тезистер жүйесінде келтірілген. Макала орыс тілінде алғаш рет «Вопросы литературы» (1959, № 6) журналында жарияланып, сол жылы Букілодақтык, радио арқылы оқылды. Кейінірек 1959 ж. «Мысли разных лет» жинағында (397-413-беттер), 1967 ж. «Абай Қунанбаев» монографиясында (357-376-беттер), Мәскеуде орыс тілінде жарық көрген 5 томдығында (1975, 5-кітап, 439-460-беттер), Мұхтар Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағында (1985, 20-кітап, 257-279-беттер) басылым көрді. Мақаланың қазақ тіліне аударылған қысқаша нұсқасы (3. Қабдолов аудармасы) «Абай» романынын жазылу жайынан» деген атпен М. Мұхтар Әуезовтің 12 томдық
шығармалар жинағының 12-томында (1969, 106-124-беттер) жарияланды. Мақалада «Абай жолы» эпопеясынын жазылу тарихы романға деректер іздеп, мұрағат көздері болмағандықтан, мыңнан астам кісілермен әңгімелесу, естеліктер жазып алу арқылы, өткен тарихи шындықты табиғи қалпына келтіруге суйенгені баяндалған. Романдағы кейіпкерлер, жер атаулары, рулар, ел билеу жуйесіндегі өзгерістер өмірде болған қалпында өзгеріссіз беріліп, ойдан алынған кейіпкерлер болса, олар бірлі-жарым ғана екені айтылған. Романды жазудағы басты мақсат 19 ғасырдағы қайталанбас көшпелі қазақ түрмысы менолардың басынан өткерген тарихи оқиғалардың энциклопедиялық болмысын беруге құрылғанын, әрі роман өнер адамының шығармашылық өмір жолын суреттеуге арналған ерекшелігін ескерткен.
Мұхтар Әуезовтің бұл жолдағы өзінің көздеген мақсаты Абайдың барлық еңбегімен, шығармашылық ерекшеліктерімен түгел қамтып, «осы тұлғаға заманының барлық жарқын, алдыңғы қатарлы, прогресшіл құбылыстарын жинақтай керсету және оның сахара өмірінде, халық өмірінде бірден бола калмай, бірте-бірте қалыптасқан, күреспен дамыған зор тарихи процесс екенін керсету еді» (12 томдық шығармалар жинағы, 1969, 12-кітап, 108-бет).[1]
перевод
О написании романов «Абай» и «Путь Абая» («Как я работал над романами« Абай »и« Путь Абая »), статья Мухтара Ауэзова. Исходя из мыслей, приходивших в голову по вечерам встреч с читателями и ответов на вопросы читателей, особенно М. В его основе - выступления во время встречи со студентами Литературного института имени Горького.Долго и усердно обдумывая статью, написав тезисы и спланировав статью, старшая сестра систематизировала источник данных, собрала идеи и записала их. Эти особенности отражены в системе комментариев и тезисов, приведенных в разделе «Из истории написания эпоса« Путь Абая »», входящем в книгу Мухтара Ауэзова «Неопубликованные материалы по абайоведению». Статья впервые была опубликована на русском языке в журнале «Вопросы литературы» (1959, № 6), а в том же году была прочитана на Всесоюзном радио.