Мектептегі спортзал
Спортзал біздің мектебіміздің бірінші қабатында орналасқан. Ол өте үлкен, кең, жарық, таза, әрі төбесі де биік. Былтыр мектебімізіде жөндеу жұмыстары өткізілген кезде спортзалымыз да күрделі жөндеуден өткен болатын. Спортзалда түрлі спорттық жабдықтар бар: онда баскетбол, волейбол, пионербол, үстел теннисін ойнауға барлық мүмкіндіктер жасалған.
Спортзалымыз жарқын түстерге боялған. Дене шынықтыру сабағында біз мұғаліммен түрлі жаттығулар орындап, сабақ соңында түрлі спортық ойындар ойнаймыз.
Менің сүйікті мезгілім . әне — міне деп , асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз . Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі . Менің ойымша , күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше . Күз мезгілін « алтын күз » деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып , алтын түстес болып , айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады . Осы қызыл , сары , қоңыр жапырақтар - « алтын күздің » айрықша белгілері . Сары жапырақ қоңыр салқын ауа райы , жабырқаушы көңіл - күй , қара суық жер күзге тән қасиет . Күз сонымен қатар молшылықтың , байлықтың , берекенің маусымы . Осы кезде қырман басы тазаланып , бау – бақша жиналып , бидай , тары , күріш , сұлы арпа дақылдары . Құстар да күз келiсiмieн келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді .