danekhakker
19.01.2023 18:21

болжалдық сан есімдерді қолдана отырып, ұсынылған тақырыптардың біреуіне
интервью сұрағын құрастырыңыз және жауап жазыңыз.қазақстанда энергетикалық дағдарыс болу қаупі бар ма? (интервью сұрақтары «қоршаған
ортаны қорғау» ұйымының төрағасына арналады.)
жазылым тапсырмасын орындаудағы ұсыныстарды ескеріңіз:
• тақырып таңдаңыз
• тақырып бойынша деректер/ақпараттар қарастырыңыз.
• болжалдық сан есімдер тізімін жасаңыз.( 3-тен кем емес).
• жинастырған дерек/ақпараттарды, болжалдық сан есімдерді қолданып, тақырып
бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
сұрақтарға жауап жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
saschaalexandrova
14.05.2023 10:33

Түрлі ұлттардың мәдени сыйластығымен Ел бірлігін сақтау титульді ұлттың ғана мүддесін көздеумен шектелмейтіндіктен, Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тілдерін, мәдени мұралары мен дәстүрлерін еркін дамытуға аса көңіл бөлінген.Әр ұлттың өзінің ата – дәстүрі, салт санасы болатыны сөзсіз.

Ол өз ұлтын тәрбиелікке, адамкершілікке баули отырып, тұрмыстық дәстүрлері мен ұлттық нақыл сөздерін сақтап қалу үшін қажет. Ал біздің тәуелсіз мемлекетімізде жүз отыздан астам ұлт мекендейтіндіктен мемлекетіміздің дамып, өркендеу жолын ұстанған бағытында өзара келісім арқылы ұлттар татулығын сақтау, бейбітшіл және ынтымақты жол. Бірлік – деген қасиетті ұғым. Еліміздің берекесі гүлденіп, өсуі осы бірлікпен тығыз байланысты. Сондықтан бірлік, сыйластық бір отбасына ғана емес, тұтас елге, мемлекетке де тікелей қатысты.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін ол сондай қажет».Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзге Республикаларында қантөгістер мен қақтығыстар болып жатқанда, татулық пен бірліктің арқасында жас мемлекетімізді жасақтап, өтпелі кезеңнен шығынсыз өттік емес пе?, Қазақстанның болашағы тек қана халықтардың ынтымағында» – деген бағдар сілтеді.

Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
2547456
09.03.2021 09:46

. Журналға жазыламын. Сабаққа пайдаланамын. Есте қалуына көмектеседі. Сөзжұмбақтарды шешемін. Достар таптым. Ойымды ашық айтуға үйрендім.

2. Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз". Монолог.

Біз бүгін Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогін сөз еттік. Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Бауыржан Момышұлының өр тұлғасын бұдан асқан қай шығарма бізге жеткізеді? Әлбетте, ешқандай. Шығармадан қаһармандық рух сезіледі.

“Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның өр мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен қалай дараланған десеңізші. Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған батырдың бейнесін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін көз алдымызда ашқандай болады. Шынымен де шығарманы оқып отырып кенет сол диалог жүріп жатырған жерде өзің де отырғандай сезінесіз. Романның стилі де ерекше. Жазушы мен батыр арасындағы диалог сол мезеттегі атмосфераны сезінуге әкеледі.

“Ақиқат пен аңыздың” көркемдік шешімі де, алға тартары да,ұғым, талғамы неде жатыр десек, командирінің Отан алдындағы міндетін бүкіл армия болып қабылдауында деп жауап қайырғым келеді. Бауыржан Момышұлының өзі ғана емес, жазушы да батыр. Құдайым-ау, ешқандай жазушыны маңына жолатпаған тұлғаға қалайша сұрақтарын қоя алды? Бұған да бір қайсарлық керек қой.

Қорытындылай келе айтарым, әрине, Бауыржан Момышұлы туралы туындылар жоқ емес. Алайда батырдың нағыз бейнесін шынайы жеткізіп білген шығарма біреу, ол – "Ақиқат пен аңыз".

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота