Объяснение:
1 топ Әйгілі Галикарнас кесенесіБіздің заманымызға дейін 4 ғасырда Карияны билеген Мавсол патша египеттік фараондар секілді тірі кезінен бастап-ақ өзіне мазар салуды қолға алады. Қаладағы сарайлар мен ғибадатханалардың ортасында орналасқан бұл кесене патшаның атағын, абыройын көрсетеді. Құрылысты салуға атақты сәулетшілер мен мүсіншілер Пифий, Сатир, Леохар, Скопас, Бриаксид, Тимофей тағайындалады. Мавсол патша дүние салған соң, кесене салуды оның әйелі Артемисия патшайым жалғастырады.
Құрылыс біздің заманымызға дейін 350 жыл бұрын аяқталды. Оның сыртқы бейнесі сол кездегі үздік сәулет үлгілерінің біріне жатады. Кесене 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат мәрмәр жалатылған кірпіштен салынған. Екінші қабатта ғибадатхананы төбесімен жалғастыратын 36 бағана бар. Жоғары бөлігінде 4 атты арбада отырған Мавсол патша мен оның жұбайының мүсіні орналасқан. Тағы бір айта кететін жайт, мүсіннің айналасында ежелгі грек жырларында кездесетін амазонкалар соғысы, лапифтердің кентаврлармен соғысы бейнеленген. Кесененің атағы жер жарғаны соншалық, ғалымдар оны ерте замандағы 7 кереметтің қатарына қосады.
18 ғасырдан кейін кесене Түркияда болған жер сілкінісінен қирайды. Түріктер осы жерді иемденген соң, бұнда қазіргі Бодрум бекінісі салынады. 1857 жылы қазба жұмыстары жүргізіліп, кесене орнынан Мавсол мен Артемисияның және олар отырған арбаның мүсіні табылады. Қазіргі таңда бұл ескерткіштер Британ ұлттық мұражайында сақтаулы.
Тутанхамон (сөзбе-сөз – Атонның тірі бейнесі, таққа отырғандағы есімі – Небхепрура) – Жаңа патшалық (18 әулет) дәуіріндегі Мысыр перғауыны. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 1400 – 1392 жылы билік етті. Аменхотеп IV –нің (Эхнатонның) күйеу баласы, не оның ұлы немесе інісі де болуы мүмкін. 12 жасар кезінде Тутанхатон (Атонның тірі бейнесі) деген атпен таққа отырып, 20 жасында қайтыс болған. Өкімет билігі іс жүзінде уәзірі Эйе мен басқа да шонжарлардың қолында болды. Тутанхамонның кезінде Эхнатонның діни реформалары жойылып, Амон құдайға табыну қалпына келтірілді. Тутанхамонның өзі Тутанхатон атынан бас тартып, перғауын астанасын Эхетатоннан Фивыға қайтарды. 1922 жылы өнердің тамаша ескерткіштері бар тоналмаған перғауын бейіті – Тутанхамон табыты табылды.[1]