DariaShistad18
04.01.2021 15:07

Напишите это эссе на тему "астана- мақтанышым"​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Екатерина12311111
17.05.2020 04:06

Мәңгілік ел – бабалар арманыМәңгілік ел болу, тарих жадында мәңгілікке қалу бұл кез келген елдің, ұлттың арманы.

Арғы атамыз Көк түріктер де осы арманның бесігінде тербелген. Сол жолда күресті, алысты, жығылды, қайта тұрды. Көк тасқа бәдіздеп елдің арманын түсірді. Күлде жатқан елді күнге көтеріп, терезесін өзгемен тең етті. Елдің өспей, өркендемей жатып, өш­пеуін ойлады. Мейманасы тасқан мәңгілік ел болуға ұмтылды. Кешегі ұлы қағанат құрған ұлы хан Шыңғыстың да көкейінде осы ой өріліп жатқаны хақ. Ақи­қаты сол, жұмыр жердің бетіндегі кез келген жұрттың асыл арманы, көздеген межесі – ошақ оты маздаған, түтіні түзу шыққан мемлекет болу. Бізде осы арманға қол жеткізуге тырысып жатыр­мыз. Мемлекеттің стратегиялық бағдар­ламасы да сол арманды меже етіп алған. «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік ел – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Мәңгілік ел – ата-баба­ларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы... Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәң­гілік Елордамызды тұр­ғыздық. Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел! Мен Мәңгілік ел ұғымын ұлты­мыздың ұлы бағдары

0,0(0 оценок)
Ответ:
Tyyyooo
22.12.2020 09:36
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық.
Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар.
Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу.
Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт.
Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп  жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота