Объяснение:Соңғы кездері латын әліпбиіне көшу туралы мәселе жиі қозғалып, Елбасымыз кезекті жолдауларының бірінде латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл — ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деген болатын. Кейбір тіл мамандары латын әрпіне көшу уақыт талабы екенін айта келіп, кейінгі ұрпақ қазіргі 42 әріпке қарағанда 33 таңбадан тұратын латын әліпбиін тез үйреніп алады деген ойын білдіреді.
Жалпы латын қарпіне көшудің артықшылықтарына тоқтала кетсек, біріншіден, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады.
Жалпы алғанда жастар Елбасының бұл бастамасын қолдап, латын әліпбиіне көшуге оң көзқараспен қарайды.
ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫ
«Қазақстан ғалымдары» энциклопедиялық анықтамалығына Қазақстан жерінде дүниеге келген, осы жерде ғылыми еңбек атқарған, қазақ ғылымының басында тұрған тұлғалар, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академиктері мен корреспондент мүшелері және аса көрнекті ғалымдар, ғылым докторлары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, белгілі ғылыми мекемелердің басшылары, қазіргі замандағы ғылыми ортаға өзіндік тың жаңалығымен әйгілі тұлғалар, т.б. ғалымдар туралы деректер энциклопедиялық тәртіппен, әліпби бойынша берілген. Энциклопедиялық мақала әр ғалымға арналып, жеке суретімен толықтырылған. Келесі томда жалғасын табатын бұл басылым Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен ғылыми бағыты және толымды табыстары туралы білгісі келетін қалың оқырманға арналады.
Объяснение:
Текст взят из мозга))