Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді, Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған кісінің қалжыңы мен тапқырлығы аралас әңгімелері ойыма жиі оралады.Бірде, жанымдағы жақын достарымнан көңілім қалып, атамнан:- «Дос табу оңай ма?» деп, ақыл сұрай бардым.Сонда атам: – Өзің қалай ойлайсың, жауап іздеп көрші?!- деді.- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын,- дедім мен.Ол кісі ойымның бұрыстығын айтты.- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, – деп ақыл айтты.
Алатау – жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Еліміздегі ең ірі, жануарларға бай хайуанаттар бағы да осында. Ал, Алатау бөктерінде, Алматы облысының аумағында өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғауға, табиғатты, табиғи ескерткіштерді сақтауға арналған мемлекеттік қорықтар да бар. Бұл күнде теңізге айналған Қапшағай су қоймасы, ондаған бұлақтар мен көлдер өңір ажарын аша түсіп, тұрғын халық берекесіне айналған. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку