Шынайы достық туралы . Дос адам жанының айнасы тәрізді . Себебі адам өзі қандай болса , дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді . Ойы , арман - тілегі , мақсат , ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып , өмір бойы араларынан қыл өтпейді . Менің ең жақын досымның есімі — Аружан . Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар . Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып , өз балаларында жалғасын тапты . Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді , Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз , себебі менің құрбымның мінезі сабырлы , байсалды , бәрін ақылмен шешуге тырысады , ашуға жол бермейді . Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді . Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын . " Дос тұтқанды қадірле " демекші , мен өз досымды бағалаймын , екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын .
Бүкіләлемдік ғаламтор тарихы.
Расында да, қазір интернетсіз адамның өмірі жұпыны секілді. Ең біріншіден ол – шексіз ақпарат легі. Ол арқылы адамзат күні бүгінге дейін өз өмірін жеңілдетуде. Ал осы интернеттің тарихына көз жіберіп көрелік.
Интернет – бұл өзара байланысты компьютерлік желілердің бүкіләлемдік жүйесі. Интернеттің пайда болуы көптеген адамдардың өмірін қызықты әрі толыққанды етті, сонымен қатар оны айтарлықтай жеңілдетті. Негізінен ақпарат беру саласындағы зерттеулер 1960 жылдардың басында басталды. 1969 жылы компьютерлік желіні дамыту Калифорния университетіне, Лос-Анджелеске, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния университетіне жүктелді. Компьютерлік желі ARPANET деп аталды, ал 1969 жылы жоба аясында аталған төрт ғылыми институт бірікті. 1989 жылы Еуропада, Еуропалық ядролық зерттеулер кеңесінде, бүкіләлемдік ғаламтор деген ұғым пайда болды. Мұны екі жыл ішінде HTTP хаттамасын, HTML тілін және URI интерфейсін жасаған әйгілі британдық ғалым Тим Бернерс-Ли ұсынды. Кейін интернетке телефон арқылы қосылу мүмкіндігі бұйырған еді. 1991 жылы бүкіл әлемге Интернетке қол жетімді болды.
Міне, осылайша біздің тіршілігіміз тікелей интернет арқылы жүруде.