Жетпіс жылда жемісі жерге иілген жеміс ағашы сияқты, тағдырына тағзым жасап тұрған театрдың иесі мен киесі, ол – өз тарихының өне бойында өміршең қалпын сақтап қалатын қасиетінде.
Уақыт озбайды. Біз уақыттан озамыз. Актерлар да, театр тізгінін ұстаған азаматтар да театр тарихының бір-бір парағы боп қалар...
Ал, театр өнері – мәңгілік елдің мәңгілік мәртебесіне айналып, Тегеурінді мемлекеттің рухани темірқазығы болып тұрары Хақ!
Театрдың ба өз конференциясына драматург-авторлар, театртанушы, өнертанушы ғалымдар, т.б. қатысады. Сондай-ақ «Тәуелсіздік – тұғырым, театр – менің ғұмырым» атты театрландырылған концерттік бағдарлама қойылады. Іс-шаралар 14 қазанға жоспарланған.
Айта кетейік, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры биыл 70 жылдық мерейтойын атап өтуде. Театр 1946 жылдың 4 шілдесі күні А. Толстойдың «Алтын кілт» пьесасы бойынша қазақ тілінде тұңғыш рет спектакль сахналаған болатын.
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.(Ж.Молдағалиев)
Ия, әркімнің өз туған жері-жұмағы. Менің кіндік қаным тамған жер, ұлы дала, байтақ ел-Қазақстан. Мен елімді шексіз сүйгендіктен жүрегімнің соңғы дүрсіліне дейін туған далама адал қызмет еткім келеді. Ұлы даралар салған жолмен жүріп туған тілімізді ,дінімізді, сан мыңдаған тарихымызды танып білу үстіндеміз. Осы күнге дейін біз қаншама ірі жобаларды жүзеге асырдық, рухани жаңғыру аясында EXPO-2017 ұлттық көрмесін қою мәртебесі Қазақстанға бұйырды, енді айта берсек өте көп. Биыл 2019 жыл елімізде жастар жылы деп аталғаны барлығымызға мәлім. Осыған байланысты дарынды да өнерлі жастарымыз өз ұсыныстарын ортаға салды және қазірде ірі белестерді бағындыру үстінде. Жақында Америка елінде”The World’s Best”атты әйгілі жоба құрылып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі жастар бақ сынасты. Сол жобаға елімізден бұлбұл дауыс иелері Димаш Құдайберген, Данэлия Тулешова да қатысты. Бір қуантарлығы бұл екі әнші де ақтық байқауға жолдама алды Мінекей, еліміз жеткен жетістіктер қаншама. Күн санап еліміз жаңғыру үстінде. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылда өз орнын босатуға шешім қабылдады және елбасы міндетін Қасым Жомарт Тоқаевқа үлкен сеніммен тапсырды. Жаңа президентіміз Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгертетінін хабарлады.