Менің атым Томирис. Мен 12 жастамын, 6 сынып оқушысымын. Біздің отбасымыз шағын болғанымен, өте тату. Олар: анам - Айнагүл, əкем - Жанат, үлкен əпкем - Жаннагүл жəне мен. Мен оларды жақсы көремін. Менің анам үй шаруасындағы адам, бірақ ол бұрын теміржолда жұмыс жасаған. Менің анамның көзі қоңыр, қаралау шашты жəне бойы қысқалау келген. Жасы 43-те. Менің анам өте жақсы адам. Ол мейірімді, еңбекқор жəне мені жақсы көреді. Анам жануарлар мен табиғатты ұнатады. Ол тамақты өте дəмді əзірлейді. Ал əкем станцияда жұмыс жасайды. Жасы 41-де. Əкемнің де көзі қоңыр, қаралау шашты келген, бойы өте ұзын. Əкем күшті, мейірімді жəне ақылды. Əкем мен секілді кітап оқығанды ұнатады. Ал үлкен əпкем - студент. Жасы 19-да. Жанна өте əдемі, ұзынша келген жəне өте ақылды. Оның да көзі қоңырқай, қаралау шашты, бірақ ол ашық түске шашын бояған. Жанна мысықтарды жəне кітап оқығанды ұнатады. Біз көп ұрсысамыз, бірақ тез татуласамыз. Мен өз отбасымды өте қатты жақсы көремін, оларда мені қатты жақсы көреді, біз бақытты отбасымыз!
Жеті,үш және жиырма бір. Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку