Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші, тіл үирену еш уақытта артық етпейді. Болашақта көп тіл меңгергім келеді. Кәзіргі таңда шет тілін меңгермесеңізде, қазақ тілі ресурстары жеткілікті екенін айтады. Мен ағылшын тілін белгілі бір дәреже деп білемін. Мысалы: Француз тілінде-махаббат, неміс-тілінде қызмет ,италия тілінде- құштарлық, ағылшын тілінде -бизнес, орыс тілінде кез келген тақырыпта әңгіме айта аламыз. Өзге тілді меңгеру арқылы сіз басқа әлемге енесіз. Адамның қолынан келмейтіні жоқ. Менде көп ұзамай бірнеше тілді меңгеріп аламын. Бастысы қалау екенін ұмытпаимын.
Ораз Қаңлыбаев – Қазақстан конькишілері арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері, конькимен алыс қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның 12 дүркін чемпионы және ел рекордын 7 мәрте жаңартқан. Әрі Кеңес Одағы құрамасына енген тұңғыш қазақ спортшысы (1952-53 жылдары өнер көрсетті).
Ораз Мұсағалиұлы 1931 жылы 7 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келген. 1963 жылы Мәскеу мемлекеттік орталық дене тәрбиесі институтын (қазіргі Ресей мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті) бітірген. Жеңіл атлетика, велосипед, волейбол, допты хоккей, бокс, коньки сынды спорт түрлерімен айналысқан. Алайда бұлардың арасында Ораз Қаңлыбаевтың атын шығарған және тарихта есімін қалдырған коньки спорты еді.