Энергия еліміздің дамуына өте көп ықпалын тигізген және әлі де тигізіп жатыр.Әр істі жасауымыз үшін энергияның қажеті зор.
Жалпы энергия дегеніміз материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші.Материя қозғалысының әртүрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай “энергия” ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әртүрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. “ Энергия” ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияның сақталу заңы, Термодинамика). Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.
Объяснение:
лучший ответ можно?
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзі бар Мұхтар Әуезовтің. Бұл қанатты қағиданы әркім әр түрлі ұғады. Тәрбие жайлы айтылып тұрғаны сөзсіз. Осы бір аталы сөз хақында өз ойыммен бөлісіп көрмекпін…
Бұл тағылымды сөзді «Тәрбие – тал бесіктен» деген сөзбен шатастырмаған жөн. Өйткені, онда бала балиғат жасына дейін жақсы қасиеттерді ата-анасынан сіңіретіні айтылады.
Менің ойымша, Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дегені – болашақта бесік тербейтін қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтқаны. Себебі, «қыз бұзылса, ел бұзылады» дейді бабалар даналығы. «Қызыңды бөтен үйге қондырма» деп те бекер айтпаған.
Шариғатта «төрт немесе үш қызы бар ата-ана жұмаққа барады» дейді. Сондай-ақ, «екі және бір қызды дұрыс тәрбиелеп, құтты жеріне қондырса да, жұмақтың кез келген қақпасынан кіретіні» айтылады. «Сонда қыз санына қарамай бәрі жұмаққа бара берсе, айырмашылығы қандай?» деген сұрақ туындайды. Яғни, бұл – бір қызға дұрыс тәрбие бере алған ата-ана, төрт қызды да жөнімен мәпелеп өсіруге қауқарлы деген сөз. Сонымен қатар, осы тұста қыз баланы тәрбиелеудің өте қиын әрі жауапты іс екенін аңғарамыз.
Ұлы жазушы осыны меңзеп отыр.
Сондай-ақ, бұл жалпы әйел затына қатысты. Ол болашақ келін, біреуге жар, біреуге жеңге, енді, біреуге ана болады. Байқап отырсақ, Мұхтар Әуезов осы бір ауыз сөзі арқылы терең ойды қозғап отыр. «Қыздарыңа үлгі болыңдар, өздеріңнің кемшіліктеріңді түзеңдер, оның көзінше дұрыс жүріп-тұрыңдар. Келіндеріңе қамқор, жарларыңа сыйластықты, аналарыңа ізетті болыңдар» – деп отыр.