Диалог - Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың? - Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан. - Неліктен? Бұл сан туралы не білесің? - Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты. Сен үшін қандай сандар қасиетті? - Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін. - Бұл санның қандай қаситеі бар? - Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар. - Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр. - Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.
Жоспар: 1)Жамбыл Жабаевтың бала шағы; 2)Жамбылдың шағармашылығы; 3)Соғысқа арналған өлеңдер;
Жамбыл Жабаев Теріскей Алатауының Солтүстік бөлігінде, 1846 жылы ақпан айында Хан, Жамбыл тауларының етегінде туған. Ол кедей отбасында дүниеге келгендіктен, балалық шағы кедейлік пен жоқшылықта өтеді. Кішкентай кезінен басқа кедей балалары сияқты Жамбыл да байдың малын бағумен өткізді. Балаларын мектепте оқытып, білім беруге ата-анасының жағдайы болмады. Жамбыл атамыздың көп шығармалары саяси тақырыпқа арналған, Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. "Ленинградтық өренім" атты өлеңінің аудармасы радио арқылы қала тұрғындарына таратылып, жеңістің ұранына айналды, көшелерге, үйлердің қабырғаларына жазылып ілінді. Ленинград қаласының тұрғындары үшін ұлы Жамбылдың орны ерекше. Жамбыл атында облыс, аудан, көше, мұражайлар бар.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку