ответ:Көрнекті ақын,ағартушы, ғұлама ойшыл, данышпан Ұлы Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Бұл туралы бүгін облыстық ішкісаясат басқармасының ұйытқы болуымен Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған дөңгелек үстел барысында айтылды. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Г.Кәрімова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің пофессоры, тарих ғылымдарының докторы Қ.Әбуов, мәдениет қайраткері, жазушы Ғ.Төлеғұл, қоғам қайраткерлері мен мәдениет саласының қызметкерлері және студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kornekti-akyn-agartushy-oyshyl-uly-abaydyn-kazak-adebietinde-alatyn-orny-erekshe-g-karimova_a2807384
Объяснение:
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.