Біз тәуелсіз егеменді елміз. Тәуелсіз және егеменді елдің мақсаты және міндеті – тәуелсіздікті мәңгі сақтап қалу. Ол ушін не істеу керек? Ол ушін біздің ұлттық рухты нығайтып, әдет- ғұрып пен дәстурді сақтай отырып, қазақстандық патриотизмді дамыту керек. Осы жерде әрине, Елбасының «Мәнгілік ел» идеясы манызды орын алады. Әрине, қазіргі Қазақстан ұлттық біркелкілік пен мәдени тұтастықты, дербестікті қалыптастырған мемлекет, бірақ «Мәнгілік ел» идеясы саяси, әлеуметтік-экономикалық егемендік пен қатар рухани тәуелсіздікке жетуді көздейді. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Мен өмірді сүйемін.
Менің өмірге деген көзқарасым оң әрі жарқын. Мен өмірді сүйемін. Ал сүйіспеншілік - тіршіліктің негізі. Өмірді сүйетін адамдар бақытты, әрі жан - жағындағы адамдармен осы бақытымен бөліскісі келіп, ешкімге жамандық ойламайды.
Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.
Сонымен қатар менің армандарым да көп. Мен өз болашағымды жарқын етіп елестетемін. Мектепті ойдағыдай тәмамдап, қалаған мамандығымның иесі болғым келеді.
Менің ойымша, адамның өмірге деген көзқарасының оң немесе теріс болуы ең алдымен отбасы мен ондағы жағдайға байланысты, себебі адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан кейін сүйіспеншілікті ең алдымен ата - анасының аялы алақанынан сезінеді. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді.