Тіл дыбыстары дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар деп екіге бөлінеді.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы үннен жасалады.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл артқа тартылып, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар тіл ұшының ілгері созылуы арқылы жасалады.
Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа, т.б. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш, т.б.
Басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде жуан дауысты мен жіңішке дауысты дыбыстар араласып келе береді. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас, т.б.
Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстыларды айтқанда, жақ кең ашылмай, ауа қысылып шығады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.
Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді: 1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуі арқылы жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.
Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.
ЖАЗЫЛУЫ
АЙТЫЛУЫ
Құрық
Жүгері
Жұмыс
Көңіл
Көркем
Өнер
Орын
Құрұқ
Жүгөрү
Жұмұс
Көңүл
Көркөм
Өнөр
Орұн
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бөлінеді.
Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і. Буын талғамайтын дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші, т.б. Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде, адам аттарында ғана сөздің екінші, үшінші буындарында кездеседі.
БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР
ҚОС СӨЗДЕР
БІРІККЕН СӨЗДЕР
Куә
Дүдәмал
Күмән
Антоним
Лото
Мазмұн
Мағлұмат
Мәжбүр
Дәстүр
Әп-әдемі
Дәрі-дәрмек
Той-томалақ
Құл-құтан
Ат-көпір
Дүние-мүлік
Салт-дәстүр
Күндіз-түні
Күмбір-күмбір
Аягөз
Қараөткел
Орынбор
Көнетоз
Аққұтан
Айнагүл
Меңдіқұл
Жанбота
Келіссөз
Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен, а дыбысы жазылады.
АЙТЫЛУЫ
ЖАЗЫЛУЫ
Рәзинә
Жәмилә
Рәсуә
Жәйләу
Шәй
Кітәп
Рәзина
Жәмила
Рәсуа
Жайлау
Шай
Кітап
Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у=тоқу, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.
Соңғы буынында ы, і әріптері бар сөздерге тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жалғауы жалғанғанда, түбірдегі ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б.
Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.
Я, ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді де, қосарлы дыбыстар деп аталады. Я, ю қатысқан сөздер айтылуы мен жазылуында және дыбыс саны мен әріп санында өзгеріс бар сөздер болып саналады. Мысалы, қоян – қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуаз сөздерінде ю әрпі жазылмайды. И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.
АЙТЫЛУЫ
ЖАЗЫЛУЫ
Жыйын
Қыйын
Тыйын
Ыйық
Кійім
Кійіт
Ійне
Жиын
Қиын
Тиын
Иық
Киім
Киіт
Ине
Мұндай сөздер әріп саны мен дыбыс санында, айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп аталады.
Қосарлы ый әріптері тек сый, тый түбірінен тараған сөздерде жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды, сыйлы; тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.
Йы, йі әріптеріне аяқталған сөздерге көсемшенің й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына и жазылады. Мысалы, байы+й+ды=байиды, кейі+й+ді=кейиді, ұйы+й+ды=ұйиды, т.б.
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік, идеялық және әдіс-тәсілдік салада өзгеріске түскенін атап өткеніміз жөн болар. Аға буын Кеңес одағының қыспағын көрген соң, өз елдігімізді аңсап, сол күнді өз көздерімен көрді. Ұлттық менталитетті кеңінен насихаттап, қоғамда болып жатқан өзгерістерді дөп басып айтты. Көпшілігінің туындыларында «еркіндік», «азаттық», «тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием», «ақ түйенің қарыны жарылды», «ақ күн туды» деген секілді фразаларды кездестіруге болады. Ауызекі сөздерден ада болуды үгіттеп, суреттілік пен образдылыққа, көркемдікке бой алдырады. Түрлі құбылту мен фигураларды, троптарды қолданып, тәуелсіздікке үлкен екпін берді.
Бұндай көркемдіктерді өткен дәуірлерден келе жатқан жыраулар поэзиясынан, Ыбырай, Абайлардың тілінен, одан бері Жамбыл, Кенендерден, Мағжан, Ахмет, Сәкен, Жүсіпбек сынды оққа ұшқан ағартушылардан сіңген дарындылық деп тану керек. Қ.Мырза-Әлидің «Заман-ай», «Алаштың арманы», Н.Айтұлының «Рухымның падишасы», «Бәйтерек», Н.Оразалиннің «Құрайлайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», Е.Раушановтың «Ғайша-Бибі», «Қара бауыр қасқалдақ», Т.Тұяқбаевтың «Жан дауысы», Б.Үсеновтің «Табиғат терезесі», С.Нұржановтың «Аруана», А.Бөкеновтің «Салбуырын», Г.Шамшиеваның «Қаракөз дәурен», Т.Әбдікәкімовтің «Ақшам хаттары», Г.Өмірзақованың «Жапырақ-ғұмыр», С.Сейітовтің «Серпер», Ә.Қайранның «Мазасыз әлем», Х.Ерғалидің «Сонеттер», Ә.Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе», Қ.Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат», М.Айтхожинаның «Жапырақ сілкінген кеш», Қ.Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», К.Салықовтың «Сәбит аға», «Түркістанға тағзым», Е.Шаймерденұлының «Жүректегі жазулар», М.Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы», «Жаңа қазақтар», «Компьютер басты жарты адам», Ұ.Есдәулетұлының «Киіз кітап», О.Асқардың «Орбұлақ», Д.Әбіловтің «Жолаушы өмір», А.Бақтыгерееваның «Ақ шағала», Н.Мәукенұлының «Бойтұмар», А.Шәріповтің «Құбыла», Қ.Исаның «Керімсал», Г.Салықбаеваның «Жан», А.Әлімғазыұлының «Жаралы Желтоқсан», Ө.Нұрғалиевтің «Афина мектебі», А.Егеубайдың «Аламан», К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемі», «Қорқыттың көрі», Ж.Бөдешұлының «Жұлдызға орнын ай бермес», М.Ақдәулетұлының «Дәруішнама», А.Әлімнің «Ай нұры алақанымда», М.Райымбекұлының «Ай-Нұр», Қ. Сариннің «Арманымның бейнесі»жыр жинақтары, «Ер намысы – ел намысы» т.б. ақындардың шығармалары мен жинақтары жарық көрді.
/
Объяснение: