Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
Менің анамның қазақ құрбысы бар.Біз оның үйіне қонаққа келгенде мен оның қызымен көшеде қуыспақ ойнадық. Оның əжесі үйді айналып ойнамаңдар, қазақта осындай тыйым бар деді Бірақ біз онымен айтыса бастадық.Сонда ол бізге тағыда бір тыйым сөз айтты"Үлкендердің алдын алма"деп.Енді біз бас киіммен ойнауды ұйғардық. Онда да əже бас киімді лақтырып ойнамаңдар, ол да қазақтың бір тыйымы деді.Бұл тыйымдардан басқа қазақтарда олар орындап жүретін тыйымдар да бар.Мен де осы тыйымдарды сақтауға тырысамын,өйткені, ол тыйым сөздердің терең мағынасы бар.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку