ответ:Бауыржан Момышұлы – көрнекті жазушы, шығармаларын қазақ және орыс тілінде жазған. Шетел тілдеріне аударылғандары да бар. Алғашқы кітабы 1954 жылы Калинин қаласының ба "История одной ночи" деген атпен басылды. Одан кейін "Наша семья" (1956), "За нами Москва" (1958), "Жауынгердің тұлғасы" (1958),"Москва үшін шайқас" (1959), "Генерал Панфилов" (1963, 1966),"Куба әсерлері" (1965), "Ұшқан ұя" (1974) тағы басқада әңгімелері мен повестер жинақтары шықты. Дүниеден озғаннан кейін 1990 жылы "Қанмен жазылған кітап" (орысшасы "Психология войны") атты кітабы жарық көрді.
Соғыс кезінде дивизия басқарған екі қазақтың бірі болған Бауыржан Момышұлы Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, "Құрмет белгісі" ордендерімен және өзге де құрметті медальдармен марапатталған. 1990 жылы Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.
Бүгінде "намысты нанға сатпаған" арлы ұлын қазақ халқы мақтан тұтады. Ұрпағына "Өршіл рухтан өлмес ерлік туады" деп сөз қалдырған біртуар батырдың ерлігі өлмек емес, есімі әрқашан қазақ жүрегінде.
Объяснение:
Көп адам рухани жаңғыруды мемлекеттің өзі қабылдап,өзі жүзеге асыратын қатардағы көп бағдарламаның бірі деп ойлайтын секілді. Солай ойлағандықтан да жаңғыру үшін түрлі жобалар жасап, іс-шаралар ұйымдастыруды ләзім санайтындар баршылық. Мейлі, мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындады-ақ делік. Елбасының еңбегінде айтылғандай, киелі орындардың картасы жасалып, оны кәрі-жасымыз аралапта шығармыз. Бірақ тамашалаған тарихи орындарымыз жанымызға қозғау салмаса, ол жердің киесін сезініп, іштей тазаруға ұмтылмасақ, бұл жай кезекті бір саяхат болып қалмай ма?! Әлемдегі үздік 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылуы – керемет бастама! Алайда, жастарымызды кітапқұмар етіп тәрбиелей алмасақ, ертең ол жүз кітап та кітапханалардың шаң басқан сөрелерін толтыра түсуден өзгеге жарамай қалатынын ұмытпайық. Айтайын дегеніміз, әрбір адам, тіпті тұтас қоғам болып рухани кемелденуге ұмтылмасақ, бар жауапкершілікті биліктің мойнына артып қойып қарап отырсақ, бұл бағдарлама жаңғыруға бастамай, құр жаңғырық болып қала береді.