Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O
1..Жасы үлкеннің сөзін бөлме – в разговоре не перебивай старших.
2. Жасы үлкеннің жолын кеспе – не пересекай дорогу старшему.
3.Ата-анаңа қайда барасыз деп сұрама – не спрашивай родителей, куда они идут.
4.Үлкенге сыртыңды беріп отырма – не садись спиной к старшему.
.5Кісі жолын кеспе – не переходи дорогу перед старшим.
6.Қонаққа берер затты сол қолмен берме – то, что даешь гостю, не протягивай левой рукой.
7.Кісіге қару кезенбе – не направляй оружие на человека.
8.Жалғыз ағашты кеспе – не руби одинокое дерево.
9.Жыңғылмен атты қамшылама – не погоняй лошадь гребенщиком.
10.Көгалды таптама – не топчи поляну.