Массагет қоржынына Нұр-Сұлтан қаласындағы № 73 физика-техникалық лицейдің 7 "ә" сынып оқушысы Төлегенова Алинадан хат келіп түсті. Ол ұстаздар мерекесі алдында алғашқы ұстазына арнап шығарма жазып, алғысын жеткізіп, ақ жарма тілегін арнаған. Шығармадан ұстазға деген құрмет пен ризашылықтың самалы сезіледі. Оқи отырыңыздар.
***
Алғашқы ұстаз! Ол маған оқуды, жазуды және санауды, достасуды, Отанды, табиғатты сүюді, үлкендерді құрметтеуді үйретті. Менің жетістігіме қалай қуанып, мен үшін уайымдағаны, кейде қателігім үшін шын жаны ашып ашуланғаны да есімде. Ол маған ерекше қатал, талғампаз және талапшыл сияқты көрінді. Ең бірінші сабағым, алғашқы мектеп партасы әрқашан менің жадымнан кетпейді. Ол кезде мен алғашқы досыммен, алғашқы оқулықтармен, алғашқы марапаттармен және бірінші сыныппен кездестім... Алғашқылардың көп бөлігі бірінші мұғаліммен байланысты! Менің ойымша, алғашқы ұстаз, ол маған көп білім салды. Себебі болашақта білімді болуың – ол алғашқы іргетасыңның қаншалықты дұрыс қаланғанына байланысты.
Дегенмен қазір де мен талантты мұғалімдермен мектепте оқитыныма бақыттымын. Мен және менің сыныптастарым, біз мұғалімдерімізді құрметтейміз әрі жақсы көреміз. Біздің мектепте мұғалімдер мейірімді, жанашыр, білімді, әрқашан жақсы кеңестер бере алады. Олар өз күштерін және уақытын аямай біздер үшін еңбек етеді. Шыдамдылықпен, табандылықпен оқытатын мұғалімдерімізді әрдайым есте ұстауымыз керек.
Ел ұйқыда жатқанда мұғалімдер әлі де біздің үй тапсырмаларымызды тексеріп, кейде таңертең ұйықтауға жатады. Олар біздің қуанышпен оқығанымызды қалайды. Өздерін басқа балаларға бере отырып, өкінішке қарай, олар өз отбасы үшін аз уақыт қалдырады. Біздің мұғалімдеріміз оқушыларды түсінуге және балалардың бақытты болашағының болуы үшін тырысады. Мен ұстаздарымның маған үйреткен барлық нәрселері үшін ризамын.
Біздің мұғалімдер өздерін еңбексүйгіштікке арнағандай. Олар үшін біздің елге танымал болуымыз, адал, білімді адамдар болуымыз маңызды. Мен барлық ұстаздарға: «Бар болғандарыңыз үшін көп рахмет!» деп айтқым келеді.
#ҰСТАЗ ЖАЙЛЫ ШЫҒАРМА
#МҰҒАЛІМ ТУРАЛЫ ЭССЕ
Бөлісу:
-Сәлем Жазира, Қалың қалай?Қандай жаңалықтар бар?
- Айдос сәлем, барлығы жақсы, өзің көргенде аман-есен сенімен сөйлесіп отырмын.Өзіңнің қал-жағдайың қалай?
- Барлығы жақсы, бүгін бізде Қазақ тілінен тіл туралы эссе жазып келсін деді,бірақ мен түсінбей отырмын
- Бізде кеше осы тақырып туралы өткен болатынбыз,егер қаласаң саған түсіндіріп берейін.
-Жақсы болар еді,ия
- Біздің ең бірінші бақытымыз ол тіл, қазақ тілі ұлттық тіл. Ата-бабадан келе жатқан мәдениет, тарих, Тәуелсіздік.Өнер алды- қызыл тіл бұл сөздің мағынасы еліміздің мемлекеттік тілі екендігін ұғындыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнеріне баулу.
Біздің тілімізден артық ешнәрсе жоқ,себебі бұл бізге берген сый.
- Жазира саған көп көп рахмет,енді осы айтқаның туралы ешқашан ұмытпаймын.
- Айдос менен әрқашан көмек сұрасаң болады,ал енді осы түсінгеніңді түйіндеп жаз
- Саубол,жарайды
-Саубол,кездескенше