ZHARAR | kz | Әңгімелер | Атымтай Жомарт әңгімесі — Ыбырай Алтынсарин
Атымтай Жомарт әңгімесі — Ыбырай Алтынсарин
28.03.2016

Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:
– Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.
Жомарт айтты дейдi:
– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.
Туған жер дегеніміз - біздің ата - бабамыз мекен еткен, кіндік қанымыз тамған жер. Әр а күннен бастап Отанына деген сүйіспеншілік пайда болады. Мен Қазақстандай дархан далада, кең байтақ жерде туып өскенімді мақтан етемін. "Отан отбасынан басталады" деген аталарымыз.
Біздің елімізде бір шаңырақтың астында әр ұлттың өкілдері татулық пен достықта бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.
Туған жер - әрбір а үшін оны өткенімен және болашағымен байланыстыратын киелі мекен. Туған жер алтын бесігіміз, Қазақстанымыз одан әрі көркейіп, гүлдене