Shurt
06.01.2022 00:30

напишите краткое содержание

француз жұртының бір білімді жазады:
— 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. сонда әрдайым жолымда бір антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған сон, бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. қасымдағы кісі тоқтап, антонның бетіне қарап тұрды да айтты:
— сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып жүрсің. бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жыйып жүрдім. ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әуелі аздап, бара-бара кебірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. осындай іспен жеті жылда он мың франк[1] ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым[2] бар, фабрикамды бердім, үмітім бар, да аштық көре қалмас деген. себебі: да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың антон, — деді де, жөніне жүріп кетті.
антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды.
1815 жылда брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты:
— айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?
сонда ойыма түсіп, таң қалып:
— сен антонбысын? — дедім.
— рас, — деді антон, — мен сондағы көрген тіленші антоныңыздың өзімін. сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.

↑ француз жұртының теңгесі;

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
leha2018
02.08.2020 03:01

Шанырақтарын биік болсын, керегелерын кен болсын, босағаларын берік болсын.

Пусть купол (вашей юрты) будет выше, стены будут шире, порог будет защитой (от врагов) .

Көніл болса - ән де болады. Будет настроение – будет и песня.

Келісім болса – нан да табылады. Будет согласие, и кусок хлеба найдется.

Екі бастарын – үш болсын. Үш бастарын – төртеу болсын.

Ата-аналарың сыйлап, екі жаққа бірдей қараңдар.

Ал баршаларыңыза тілейтімін:

Әр отбасына, , шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Объяснение:

держи бата

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Uncleuncle1
05.04.2021 07:43

«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Жылдар бойғы жиған тәжірибесін, ғасырлардан алған ғибратын екі-ақ ауыз сөзбен түйіндеп үйренген данышпан халқымыздың осы бір сөзінде батпандай ауыр салмақ, бай мағына жатқандай. Отан деген қастерлі ұғым адам санасына ең алдымен отбасы аясында орнықпаса, ертеңгі күні елдің туын көтеретін азаматтардың шықпайтынын ата-бабамыз әу бастан-ақ білген. Сол себепті де «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп, бала тәрбиесін басты орынға шығарған, отбасы құндылықтарын ерекше құрметтеген.

Асыл дінімізде де отбасы құндылықтарын сақтау жолдары өте нәзік суреттелген. Қасиетті Құран аяттарында ер мен әйелдің бір-бірін толықтырып тұратындығын және бір-бірі үшін тірек болатындығын бекітіп: «Олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер», – деген. Сондай-ақ, келесі бір аяттарда Алла Тағала ер мен әйелдің бір-бірі үшін жаратылғандықтан өз теңіне қосылып, отбасын құрғанда жандары тыныштық тауып, бақытты ғұмырдың алғышарттарына қол жеткізетіндігін баяндайды: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар».

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота