Астана туралы диалог
- Ата, сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, құлыным!
- Ата, қолыңыз бос па? Сізге өтінішім бар еді? Маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?
- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?
- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
- Астана «әлем қаласы» атағын қашан алды?
- 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.
- Көп рахмет сізге, ата!
- Оқасы жоқ, құлыншағым!
Бірінші қатарда берілген сөздер ішінде артық сөз жоқ. Әр қатардың үстінде берілген әріптердің түсіне мән берсеңіз, дауысты/дауыссыз болып бөлінген. Сонымен бірінші қатарда берілген сөздердің ішіндегі "у" әрпі барлық сөздерде дауысты.
Екінші қатардағы артық сөз - сусын (қалған сөздерде дауыссыз болып тұр).
Үшінші қатардағы артық сөз - сыйлық (бұл жерде де дауыссыз дыбыс, ал қалғандары дауысты).
Төртінші қатардағы артық сөз - ит (бұл жерде дауысты болып тұр да, ал қалған сөздерде - дауыссыз).
Жазда жеміс - жидектерден жасалған сусын шөлді жақсы қандырады.
Мен сыйлық алғаннан гөрі оны сыйлағанды ұнатамын.
Ит - жеті қазынаның бірі.