1) Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек еткен.
2) "Аққала","Әже","Боран","Біз шадыман баламыз","Жер – туған жер","Гүл","Сәлем саған, мектебім!","Сыйға-сый","Торғай","Тұңғыш қазақ ғарышкері" атты өлеңдерін білемін.
3) Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жүлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мүхамади, Қ.Тәңір-құлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.
Антонимдер:
жақсы - жаман, білімді - білімсіз, күшті - әлсіз, ақылды - ақылсыз, жомарт - сараң, биік - аласа, ашық - жабық, дос - дұшпан, үлкен - кіші, күн - түн, қымбат - арзан, адал - арам, бақ - сор, жаңа - ескі, кіру - шығу
Синонимдер:
әдемі, көрікті, сымбатты
бірінші, тұңғыш, алғаш
байлық, дәулет, қазына
жол, бағыт, бағдар, сапар
алыс, шалғай, қашық, жырақ, шет
бала, балдырған, бөбек, бөпе, бүлдіршін, нәресте
туыс, ағайын, бауыр, туысқан
күшті, жігерлі, қажырлы, қайратты
батыл, ержүрек, батыр, өжет, өр
сүйікті, ардақты, аяулы, қадірлі, қадірменді, қалаулы, қастерлі
қадірлеу, ардақтау, әспеттеу, қасиеттеу, қастерлеу, құрметтеу, сыйлау
халық, әлеумет, ел, жамағат, жаран, жұрт, қауым, халайық
ақылды, ақылман, есті, милы
хабар, дәйек, дерек, мағлұмат
тамақ, азық, ас, ас-су, ауқат, дәм, тағам, ішіп-жем