Астана арман қала
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.
Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
Астана – экономикасы шарықтаған қала.
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті.
Астана экономикасы уақыт өткен сайын қарқынды дамып келеді. Соның ішінде құрылыс пен сауда-саттықта, қызмет көрсету салаларында оң өзгерістер бар. 1998 жылы жалпы өңірлік өнім 60 млрд теңгені құраса, 2016 жылы ол 4 трлн. 8 млрд теңге болды.
Елордаға салынған инвестиция қаланың өсіп өркендеуіне үлес қосып отыр. Мәселен, 20 жыл бұрын 25 млрд теңге қаржы құйылса, көрсеткіш былтыр бір триллион теңгеге жетті. Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің пікірінше, Астанадағы тұрақты бизнес климатты кәсіпкерлер жоғары бағалайды
Елімізде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны да артып келеді. Қазірдің өзінде Астанада тіркелген кәсіпорындар саны 100 мыңнан асады. Жалпы елорданың экономикалық әлеуеті артып келеді. 2017 жылдың бірінші жартысында олар өндірісті 55 пайыздан асырды. Тиісінше соңғы 20 жыл ішінде мемлекеттік қорға түсетін табыс 80 есеге, жалпы өңірлік өнім 190 есеге артты. Ал осыдан екі жыл бұрын Астана алғаш рет 900 миллиард теңге мемлекеттік қазынаға ақша аударып, бюджет донорына айналды.
Тәуелсіздіктің төл жемісі – Астана қаласы өзінің тарихында Қазақстан экономи¬касының даму локомотивіне айналды.