dariapark1
16.10.2020 04:39

Быстрее вопрос жизни и смерти каз яз . текст к ниже

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ponia
10.01.2020 14:22
Қасқыр — жыртқыш аң.Басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері.Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді.ҚасиеттеріҚасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.AңызЕжелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған.Тағы бір аңыз: «айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»…СипатыҚасқыр — қайсар, аса сақ хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді, бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты.Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі.Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады.Дереккөздер
0,0(0 оценок)
Ответ:
elizavetaivlic
11.05.2022 19:30
16 билет
1.Күрделі зат есімнің жасалуыБірігу арқылыҚосарлану арқылыТіркесу арқылыҚысқару арқылыТемірқазықТүйетабанКөкшетауЕңбеккүнКөрпе-жастықЖігіт-желеңАта-анаДәрі-дәрмекАбай даңғылыТау сілеміАлма шырыныҚамар сұлуҰжымшарБҰҰПединститутМедбике17 билет1.Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып болғанын білдіреді. Іс-әрекеттің мезгілге, уақытқа байланысын көрсететін етістікке тән категория шақ деп аталады. Шақтың үш түрі бар: 1) осы шақ, 2) өткен шақ, 3) келер шақ.Осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта болып жатқанын көрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бөлінеді: 1) нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ.Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар: 1) болжалды келер шақ, 2) мақсатты келер шақ, 3) ауыспалы келер шақ.Өткен шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын көрсетеді. Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай үшке бөлінеді: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ және3) ауыспалы өткен шақ.2.тілші-зат есім дара туын жалпы дереітіқолжазба-зат есім күрделі нег жалпы деректі18билет1.Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер?нелер?

Мысалы, кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз, ақылгөй,жәрдемші, т.б.

Не? – ауыл, қағаз, жылқы, перде, теледидар, қарындаш, нөсер, нәтиже, өзен, жапырақ, торғай, кітап, дәптер, т.б.

Кімдер? – балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар, әжелер, оқушылар, т.б.

Нелер? – журналдар, көгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, көлдер, таулар, дәптерлер, қаламдар, гүлдер, көліктер, т.б.

2.қимыл-сын бағ сабақтас

19билет

1.Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады.

2.кең-тар мейірбан-мейірімсіз

20 билет

1.Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауы болатын сөздер. Сұрағы – қандай? қай?

Сын есімнің түрленуі – оның шырай формасына енуі.Шырай – тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әртүрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:

1. Салыстырмалы шырай біркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыру арқылы көрсетеді. 

2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не өте артық, не өте кем екенін көрсетеді.

Күшейтпелі шырайдың жасалуы:1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т.б.Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбексөздері бірге жазылады.

2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кіл, кілең күшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл күшейткіш үстеулер сапалық сын есімнің алдынан бөлек жазылады. Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен, орасан шыдамды, өңшең жүйрік, кілең күшті, т.б.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота