1) Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек еткен.
2) "Аққала","Әже","Боран","Біз шадыман баламыз","Жер – туған жер","Гүл","Сәлем саған, мектебім!","Сыйға-сый","Торғай","Тұңғыш қазақ ғарышкері" атты өлеңдерін білемін.
3) Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жүлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мүхамади, Қ.Тәңір-құлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.
Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.