Менің қысқы демалысым туралы.
Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, екінші тоқсан да аяқталып, қысқы демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы қысқы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай көлге шомыла алмасақ та, түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күндіз шана теуіп, қар лақтырысып та ойнадық. Қысқы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен көктем мезгілінде де келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!
Сәлеметсіз бе! Дулат ата. Қалыңыз қалай? Жағдайыныз жақсы ма? Сіздің көптеген өлендерініз, жинақтарыз көп екен. "Өсиетнама" деген кітабыныз бар екен. Сіз сияқты адамдарды мақтан тұту керек. Сіздің көптеген өлендерініздіз арасынан ең ерекшесі 《О, Ақтан жас》. Себебі сіз ол жақта өзініздің ойынызды толықтай жеткізе алғансыз. Және жетім балаға үміт бергенсіз. Жетімдіктің қандай екенің көрген Ақтанға үміт беріп оған:"Сұлу сүйер ме екенсің? Сауыт киер ме екенсің" деп оның елін қорғайтын батыр болуын қалайсыз, оның жетімдіктен қол үзіп, жақсы өмірге жететініне сенім бердініз. Әлемде барлық адамның барлығы сіз сияқты болса екен. Сіз сияқты болу негізі менің арманым. Мен сіз туралы интернет көздерінен оқыдым. Әдебиет кітабында сіз туралы толық жазылмапты. Енді мен сіз туралы көптеген мәліметтер білетін боламын. Дулат Бабатайұлы кім деп біреу- міреу сұраса тез білетінімнің барлығын айтып бере аламын. Және Дулат ата мен өткен жолы Ақтанғада хвт жазған болатынмын. Ақтан менің хатымды алып, оқыды деген ойдамын. Жарайды, Сау болыңыз! Сізді ұмытпайтығ боламын. Аман сау болып тұрыныз. Езуінізден күлкі кетпесін. Жақын арада өзінізбен тағыда хат жазысып, әңгімелесіп отырамыз. Менің сұрақтарыма жауап жазыңыз. Құрметпен мен (аты-жөні).