Ясама переводила,могут мелкие ошибочки быть,прости( қазақстанда көптеген тарихи орындар бар. тарихтың үлкен бөлігі күмбезде сақталған. кесенелер - батырлардың, билеушілердің және халықтың рухани көшбасшыларының ежелгі ескерткіштері. бұл ғибадат орындары және құрмет. қазақстанның бірегей ескерткіштерінің бірі - қожа ахмет яссаудың кесенесі. кесене түркістан қаласында орналасқан. xiv ғасырдың соңында салынған. кесене отыздан астам бөлмеде: салтанатты зал, мешіт, кітапхана, кесене және т.б. күмбезді күмбездер көгілдір кірпішпен безендірілген, ал қасбеттер көк, көк және ақ кірпішпен жазылған. бұдан басқа, белгілі кесененің күмбездері орталық азиядағы ең ірі болып саналады. осы күнге дейін мұнда мыңдаған туристер ортағасырлық сәулет өнерінің кереметін көру үшін осы кесенеге барады. арысинбаба кесенесі - ақын хожа ахмет яссауидің рухани тәлімгері. арыстанбаба кесенесі ежелгі отырар қаласына жақын жерде орналасқан. әлемнің әр жерінен келген қажылар арыстанбабтың қабіріне келеді. мазарда мазар мен мешіт бар, онда сіз дұға ете аласыз. мұнда орта ғасырларда жасалған ерекше ққ құран бар. жәңгір қаласы. бөкей ордасының гүлденуі жәңгір ханның билігінде болған. хан қаласының құрылысына алғашқы тасты қойды. қазір жәңгір қаласы - ашық аспан астындағы тарихи мұражай. барлық ғимараттар қалпына келтірілді, сондықтан қазақ тайпаларының өмірі қандай екенін түсінуге және көруге мүмкіндік береді. мұнда: жәңгір ханның зираты, ханның мешіті, археологиялық табылған заттар, фотосуреттер, әскери экспонаттар (тізбекті пошта, тырналар, әшекейлер, әмбебап), мектеп орналасқан мұражай. қазақстан ежелгі және бай тарихы бар ел. қазақстанның мәдени орындарымен танысу ежелгі дәуір мен тайпалардың білімдерін кеңейтеді.
Алматы – менің сүйікті қалам. Кейде қауырт тірліктен шаршап, тыныстағым келгенде балконға шығып кететінім бар. Күрең күзбен бірге құлазып қалған көңіл бір нәрсені қалайтын сияқты. Көзге емес, көңілге тізгін беріп шоламын айналамды. Кәрі Алатаудың бауырында жатқан түнгі Алматы. Аспанға ұмтылған абат үйлердің ар жағынан еңсесін еңкейтпеген Алатау менмұндалап қол бұлғайды. Күндіз де, түнде де тыншыматын ару Алматы кәрі қамқоршысының қарауында. Алматы – Алатаудың ару қызы. Түн құшағына еніп қарайып кететін Алматы жоқ. Мүлгіген қарт Алатаудың қойнында жатса да түн баласы келгенде қайта түрленеді. «Өмірдің қиындығына төзе біл. Болашағыңды түрлендір!» деп сыр айтқысы келетін сияқты түнгі Алматы. Өз басым солай ұғамын. Кейде түнгі шамдарын жаққанда ерекше құлпырады. Әсіресе көзге оттай басылатын ақ шамдары аппақ арманға алып ұшатын ақ қанаттардай көрінеді. Айтпақшы, арман демекші, Алматы біреуге – арман. Армандар орындалатын мекен. Жер бетіндегі жұмақ. Ақ тілегін алдынан ақтарып, Алматыдай алып қалаға әр ата-ана өз баласын талай аттандырған. Қашанда «тәбірік» болған сол дәстүр ешқашан толастаған емес. Тіпті қол жетпес айдай болса да, болашағына «бал ашқандар» өз тағдырын дәу қаламен байланыстыратын. Кішкене шабаданын қолына ұстап,үлкен арман мен үміт жетелеп келген қаншама жандар осы мекеннен бақытын тапты. Мен осы қалада туып-өстім. Алматы менің – сүйікті қалам.Тротуарда тусам да қазақтың қадірін білетін жанмын. Біреулер «қалада қазақ болмайсың, қазақылық кеткен» деп жатады.Даланың төсінде еркелеп өскен ауыл балаларынан кем түспеймін. Себебі,қазақылық пен қарапайымдылықтың иісі қалада да бар. Тек оны көре алатын қырағы көз керек. Мен сүйікті қалам – Алматымен мақтанамын, марқаямын. Байқасаңыз әрқашан жан-жағын жан шуағына бөлеп, сәуле шығаратын жақсы жандар болады ғой. Мен Алматыны соған ұқсатамын. Біреуге арман болған, біреуге бақыт әкелген Алматы. Біреуді қолтығынан демеп, желеп-жебеп, арманын – асуларға, өзін қарапайымнан асылдарға жеткізген Алматы. «Таланттар далада туып, қалада өледі» демекші, өнер мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналып, талай жастың көкірек көзін ашып, талантты тау тұлғаларды тәрбиелеген, алақанға салып әлдилеген – Алматы. Берекесі мен мерекесі, тірлігі мен бірлігі жарасқан – Алматы. Талай тағдырды тоғыстырған, жалғыз жүректерді жолығыстырған–Алматы. Еркіндік пен кеңдікті, насихат пен теңдікті ұстаған –Алматы. Мұң-қайғы мен шаттықтың, жастық пенен қарттықтың куәсі болған –Алматы. Ақындарға жыр болған, сазгерлерге әуенмен шертер сыр болған–Алматы!.. Күндіз қаптаған халық нөпірінен еңсеңді езіп тастайтын қала түн келсе де түнермей жарық шамдарын жағып, мені тыңдап, тына қалғандай болады. Күндіз мен оны, ал түнде ол мені тыңдайды. Шабытыма шабыт қосып, шарқ ұрғызады. Кейде қиял жетегіне еріп, балконнан әрі асып, ұшып шығып «қабақтарын түкситкен тау аталарға» қарай бір тартқым келеді. Жарқырай жылы шырай танытып тұрған әсем Алматыны сонда отырып бір көргім келеді.Ынтықпын өзің жайлы жұмбақтарғаЖер бетінде өзіңдей жұмақ бар ма?.. Бір муза-сезім қылымды қозғайды...Өзіңе ән-жыр арнаған алдыңғы толқынның көшіне еріп, мен де сезім қылын шертсем ол артық ете қоймас, ару қала! Саған әр түн сайын мен сияқты жасөспірімдердің жүрегінен ақтарған жауқазын жырлардың жазылып жатқаны рас. Алматы – менің сүйікті қалам!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку