avetik04
19.05.2023 07:07

Ғабиден Мұстафин (1902–1985) 29 қарашада қазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 14 жасында зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің 4-сыныбына түседі. Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына қайтып оралады. Ауылда әр түрлі қызметте болып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді. Мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады.

Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927) «Жыл құсы» журналында жарияланады. Тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» (1929) деген атпен басылып шықты. 1930 жылы көктемде Қарағандыға ауысып, үш жыл қара жұмыс істейді: слесарь, токарь мамандығын меңгереді.

1938 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалады. Көп кешікпей, Новосибирск қаласында қазақ тілінде «Қызыл ту» атты газеттің шығуына байланысты, сонда жіберіледі. Газет жабылғаннан кейін (1938) Алматыға келеді. 7–8 жыл көркем әдебиеттен қол үзіп кеткенімен, журналистік жұмыста қаламы төселіп, өмір тәжірибесі молайып қалған оның Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазған тұңғыш романы «Өмір не өлім» 1940 жылы жеке кітап болып басылды. Бұрын өндіріс тақырыбына «Алыптың кереметтері» (1936) очеркі мен «Керуен» (1938) атты әңгімесі жарияланған автордың аталған романы қазақ әдебиетінде бұл саладағы алғашқы күрделі туындылардың бірі болды. Он шақты жылдан кейін осы тақырыпқа қайта оралып, «Қарағанды» (1952) романын жазды. Алғашқыда «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының қатардағы қызметкері (1938–1940), кейіннен редакторы (1940–1948) бола жүріп, жемісті шығармашылық еңбек етті. Колхоз-совхоз сахналарына арналған бірнеше шағын пьесалар («Айғақ», 1942), көптеген әңгімелер жазды. «Шығанақ», «Дауылдан кейін» романдары мен «Миллионер» повесі ауыл өміріндегі елеулі өзгерістерді суреттеуге арналды. Соңғы күрделі шығармасы – «Көз көрген».

1953–1956 және 1962–1964 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қызмет атқарды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1958), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алтыншы сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ленин орденімен (2 рет), ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту (2 рет), Халықтар Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Бұл мәліметті қысқаша жазып бересіңдер ме?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Tanyams
11.03.2020 00:13

Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.

Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
Даня1681
08.02.2020 12:56

Көліктегі бас санитар вагондарда санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда суретке түсіріп, оның Whats App нөміріне жіберуге болатынын айтты. Ал, ескі вагондардағы желдеткіштің жоқ екенін бұрынғы талаптарда бұл нормалар қаралмай, құрастырған зауыттар кондиционер орнатпағанын жеткізді.

"20-30 жылдан бері жүріп келе жатқан пойыздар бар. Ол кезде вагонды құрастырушы зауыт желдеткіш орнатпады. Біз ревизия жасаған кезде автовокзал, теміржол вокзалдарында желдету, фильтрлеуді талап еттік. Тиісінше, көлікті құрастырған зауыт кондиционер қоймағандықтан, желдеткіш жүйесіне мән беріледі. Тасымалдаушыларға осы олқылықтардың орнын толтыруға уақыт берілді. Иә, автобустар мен вагондар санитарлық нормаларға сай емес болған фактілерді өзім де көрдім. Ондайлар болды. Енді тағы осындай жағдайлар болып жатса, онда департаментке (Көліктегі полиция департаменті - авт.) хабарласуға немесе суретке түсіріп, менің  Whats App нөміріме жіберуге болады. Нөмірім: 8-778-01-27-000. Кез келген уақытта қоңырау шалып, шағым айтуға болады. Бізде де мобильді топ бар. Оның құрамында санитарлық-карантиндік пунктің қызметкерлері мен көліктегі полиция өкілдері бар. Содан соң тиісті шара қабылданады. Тіпті, вагондардың жұмысын тоқтатуға дейін барамыз", - деді бас санитар

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота