anutakapanadze
24.12.2022 09:47

ИНЯЛЯДАҒЫ тазалыққа мән берейік!
1) Адамдардың үй немесе сарайларында қандай қауіпті қалдықтар болуы мүмкін:
2) Қалай ойлайсыз, сізге немесе отбасыңызға қауіпті заттар бар ма? Бар болса, қандай?
3) Қауіпті қалдықтардың әсерінен қоғам қандай мәселеге кез болуы мүмкін?
4) Сіздің ауданыңыздағы қандай өндіріс орындары қауіпті қалдықтар шығаруы мүмкін?
5) Қауіпті қалдықтарға байланысты мәселелерді қалай шешуге болады?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Катя46811909
18.04.2023 19:08

Энергетикалық дағдарыс туралы диалог.

Студенттер: - Саламатсыз ба?

Мұғалім: - Саламатсыздар ма!Оқушылар түгел ме?Түгел болса сабағымызды бастайық.Алдында мен сіздерге энергетикалық дағдарыс туралы түсіндіріп өткен едім.Енді сұрақ қойып,дайындықтарыңызды тексерейін.Энергетикалық дағдарыс дегеніміз не?

Студент: - Мен айтайыншы!

Мұғалім: - Ия,жауап беріп көріңіз.

Сутдент: - Энергетикалық дағдарыс - капитализмнің циклдік емес экономикалық дағдарыстарының бір түрі.Басқаша айтқанда,бастапқы энергия көздерінің жетіспеушілігінен туындаған дағдарыс.

Мұғалім: - Өте дұрыс.Бұл дағдарыс бізге нені көрсетеді?Сіз жауап беріңізші,соңғы партадағы студент.

Студент: - Энергия тұтынудың өсуі мен оны өндіру көлемі арасындағы сәйкессіздікті көрсетеді.

Мұғалім: - Жарайсың.Ал енді өзің қалған студенттерге осы тақырыпта сұрақ қойшы.

Студент: - Энергетикалық дағдарыс ең алғаш қай уақытта пайда болды? Арай,сен жауап берсең.

Арай: - 1973 және 1979-1981 жж. соңында пайда болған.

Мұғалім: - Өте дұрыс.Отыра беріңдер.Ал сол кездегі энергетикалық кризис не себептен пайда болған еді?Кім біледі?

Студент: - Ағай,мен білемін.Энергетикалық ресурстарға, ең алдымен, мұнайға бағаның бірнеше есеге артуына байланысты пайда болды.

Мұғалім: - Дұрыс.Жауап берген студенттерге тиісті бағаларын қойып беремін.Ал бүгін экожүйелік қызметтер және биоәртүрлілік деген тақырыпта сөз қозғаймыз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
veraway140
16.03.2022 14:49

Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай бөлінуі.

Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

Сөйлем мүшесінің белгілері:

1) толық мағыналы сөз болу керек;

2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек;

3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек.

Мысалы, Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.

Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады.

Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты.

Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.

Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады.

Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді.

Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.

Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.

Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота