Elvira2018
06.01.2022 08:40

Моя страна богатая эссе 90 слов на казахском ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
zizizineb99
18.12.2022 09:48

Әлемнің ірі қалаларында Ботаникалық бақтар ашыл­ған. Ботаникалық бақ – қала ау­ма­ғындағы қоршауға алын­ған та­биғи жасыл желекті арнайы аймақ.

Мұнда хош иісті сирек гүлдер, көп таралмаған ағаш түрлері биолог ғалымдардың арнайы бақылаумен өсі­рі­леді. Дүниежүзінде кездес­пей­тін, тек бір талы ғана қалған өсімдік түрлері де бар. Табиғат үшін маңызы орасан, құнды өсімдіктерді де осы бақтардан көріп білеміз. Мұндай ботаникалық бақтар мемлекеттің қамқорлығына алынған.

Сөйте тұра барлық Ботаника бақтары көпшілікке арналған деуге болмайды. Кейбір мемлекеттер мұндай жасыл желекті өңірді туристік мақсатта пайдаланады. Енді бірін экологиялық орталық ретінде айрықша қамқорлыққа алған. Көптеген бақтар тек ғылыми мақсатта пайдаланылады. Ондағы өсімдіктер жұртқа көрсетіле бермейді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
митгпош
29.09.2022 09:27

Менің сүйікті спортым.

Әр адамның өзінің талғамы мен икеміне сай спорт түрі бар. Мысалға, біреулер қарсылартармен жекпе – жекке шығып, күш сынасқанды ұнатса, енді кейбір адамдар керісінше, қарсыластарын логикасымен жеңгенді ұнатады, тағы біреулері жылдамдықпен байланысты спорт түрлерін жақсы көреді.

Осы орайда, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелеп сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді, ал жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс түрлі болуы мүмкін: баяу, немесе жылдам. Музыканың ырғағына байланысты спортшы түрлі қимылдар жасайды: айналады, секіреді, мұз үстінде жүгіреді. Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.

Мен болашақта үлкен спортшы болмасам да, бұл спорт түрімен өзім үшін айналысамын, сонымен қатар осы спорт түрінен өткізілетін барлық жарыстарды үзбей көріп отырамын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота