Берілген сөйлемдерге үш сұрақтан құрастыру:
1. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен әртүрлі дене жаттығуларымен айналысқан.
Халық қандай спорт түрлерімен айналысқан?
Халық ұлттық спорт түрлерімен қатар немен айналысқан?
Ұлттық спорт түрлерімен кім айналысқан?
2. Әр өңірдің, әр аймақтың өз мергені, өз сәйгүлігі болған.
Әр өңір мен әр аймақтың кімдері болған?
Қай жердің өз мергені мен өз сәйгүлігі болған?
Әр өңірдің, әр аймақтың өз мергені, өз сәйгүлігі болған ба?
3. Атқа мініп, асық атып, бәйгеге шауып, теңге іліп өскен балалар шымыр, епті де икемді болып өседі.
Атқа мініп, асық атып, бәйгеге шауып, теңге іліп өскен балалар қандай болып өседі?
Қандай балалар шымыр, епті де икемді болып өседі?
Атқа мініп, асық атып, бәйгеге шауып, теңге іліп өскен балалар шымыр, епті де икемді болып өседі ме?
4. Дене шынықтыру мен спорт мәселесі қай елдің болсын, негізгі стратегиялық бағыты саналады.
Қандай мәселе кез – келген елдің негізгі стратегиялық бағыты саналады?
Дене шынықтыру мен спорт мәселесі қандай бағыт болып саналады?
Біздің елімізде дене шынықтыру мен спорт мәселесі негізгі стратегиялық бағыты саналады ма?
5. Спорт дегеніміз – адамдардың денсаулығы, еңбекке дайындығы.
Спорт дегеніміз не?
Адамдардың денсаулық кепілі не?
«Спорт дегеніміз – адамдардың денсаулығы, еңбекке дайындығы» деген пікірмен келісесіз бе?
Жігітті жолдасына қарап бағала
Атамыз қазақ "Жігіт жолдасынан белгілі, сарбаз қолбасынан белгілі" демекші, адам өзіне мінезі ұқсас кісілермен жолдас, дос болады. Шын достар бірінің жақсы қасиеттерін екінші үлгі тұтады. Сондықтан да "жігітті жолдасына қарап бағала" деген, себебі біраз уақыт жолдас болған адамдар бір бірінің бойындағы көп қасиеттерін өздеріне сіңіреді. Олар бір–біріне өте жақын, бірін – бірі тез түсінетін болып кетеді, - деген екен. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынас арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Досы жақсының өзі де жақсы деп бекер айтпаса керек.
Іздегенде әрдайым жанымыздан табылатын достарымыз аман болсын!