pro63
03.08.2022 09:16

1-мәтін

Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды.

Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып

көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп

өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен

қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды

тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр

жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп

екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін

сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап

гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып

тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан

Көксерек қайта ойнайды.

2-мәтін

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың

күшігін асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен

жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен

қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де

болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық

заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға

қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз

уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының

қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген

Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің

заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын

әңгімеден ұғынғандаймыз. ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
av45
19.05.2020 12:15

Фастфуд тағамдары адам ағзасына зиян.

Объяснение:

Фастфуд – денсаулыққа зиян тигізетін тағам екенін әрбір адам біледі.Қазақстанда үй тағамының орнына, гамбургер мен фри картобын таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді. Олар тамақ әзірлеуге уақыт болмағандықтан, фастфудқа көштік деп ақталады. Оның адам ағзасына тигізетін кері әсері: Ең басты кемшіліктерінің бірі – калорияның көп болуы. Ол семіздікке әкелетін басты себеп. Құрамындағы транс-майларын, «өлтіруші-майлар» деп атайды. Ол Альцгеймер ауруы, инфаркт және қатерлі ісікке әкеліп соғады. Бұл тағамдарға натрий (тұз) көп мөлшерде қосылады. Натрий қан қысымын арттырып, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жүктеме жасайды. Фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компоненттер өте аз, оны жиі жейтін адамда витамин жетіспеушілігі болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Вікторія232003
17.10.2020 19:24

Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне түрлі тағамдарды жасай аламын .

— Мен шаршадым, оның есесіне көптеген жұмыстарды аяқтадым

. — Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне әнді жақсы айтамын

. . — Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне жұмыстарды тез атқарамын

. — Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне барлығына үлгеремін

. — Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне өзімнің ортама құрметтімін.

Мен Үндістанда болмадым оның есесіне Түркияда болдым

Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне дауысым әдемі.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота