Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.
Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың инаугурациясы кезінде орындалды.
Мәтін[өңдеу]Қазақстан әнұраны1. Қазақ КСР-ның (ССР-ның) Мемлекеттік Әнұраны (1943—1992)2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (1992—2006)3. Менің Қазақстаным (2006 жылдан бастап)Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
Қазақ КСР әнұраны[өңдеу]Толық мақаласы: Қазақ КСР әнұраны1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.[2]Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді.[3].
1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны[өңдеу]Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.
Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.
2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.
Алтын ұя – мектебім шағын шығарма
«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.
Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.
Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.
Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.