камилла326
18.11.2022 06:36

Ел болам десең бесігіңді түзе. Терминдер, тұрақты тіркестер. Ел болам десең бесігіңді түзе Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді,әдемі нақылы бар. «Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі» дейді ата қазақ. Яғни, тәрбиені қазақ халқы бала туғаннан бастаған. М.Жұмабаевтың «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген қанатты сөзі бар. Жас ұрпақ бойында адалдық, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы жоғары. Ұлы ойшыл әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі» деген екен. Ата-бабамыз қалыптастырған қалыпта тәрбиесі түзу болып бой көтерсек, дауға да, жауға да берілмейтін ұрпақ боларымыз анық! «Ел болам десең, бесігіңді түзе! ». Бұл ұлағатты ұғым адамды ең алдымен салт-дәстүр мен ұлттық болмысымызға тән қасиеттерді қадірлеуге жетелейді. Бала тәрбиесінде – Бесіктің атқарар міндеті өте зор. Сәби бесікте жатып, анасы айтқан «Бесік жырын» тыңдап өседі. Тәрбиенің ең алғашқы сатысы да осы «Бесік жырынан» басталады. «Бесік жырында» анасы «Балам өскенде батыр бол, еліңе қорған бол, халқына жақын бол, адал азамат бол, ісмер бол, өнерлі бол» - деген сияқты өнегелі жыр жолдарын айтады. Ел басы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» – деп жариялады. Ел боламыз десек жастарымыз тәрбиелі, терең білімді болуы керек. Жастар еліміздің жарқын болашағы. Сөйлесім
1. Адамның жақсы қасиеттеріне қатысты тұрақты тіркестерді жазып келіңіз. 2. Сұрақтарға жауап жазыңыз: - «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенде нені түзеу керек? - Адам үшін, мемлекет үшін ұрпақ тәрбиесі не себепті маңызды? - Қазақта «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы. Балаң жаман болса, жердің асты жақсы» деген сөз бар. Не түсіндіңіз? Келісесіз бе?
3. Термин сөздерді еске түсіріңіз. Бірнеше саланың терминдеріне мысалдар келтіріңіз.
4. Өз мамандығыңыз бойынша 5 терминді түсіндіріп жазып келіңіз.
5. Мәтінді мазмұндаңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Дашуля110506
13.01.2021 05:45
Менің сүйікті мультфильмм аниме Иназума -11.Аниме өте қызықты онда нағыз достық және үш айрылмас   достар жайлы айтылған сонымен қатар футбол жайлы.Басты рөлдерде:Эндо Мамуру,Гоенджи Шуя және Кидо Юто.Менің сүйікті кейіпкерім -Гоенджи Шуя.Гоенджи өте ақылды,жан-жақты,сабырлы және әдемі.Бұл анименің бізге берер пайдасы бізге нағыз достық не екенін дәлелдеу болып табылады.Гоенджи футболды жанындай жақсы көреді,сонымен қатар ол футбол командасында бетке ұстар футболшылардың қатарында болған.Бірақ ол қарындасының апатқа ұшырауында өзін кінәлайды.Ал Энджо болса оны футболды қайта жалғастыру  үшін барлығын жасап жүр. Гоенджи-футбол командасында өте керемет шабуылшы болып ойнаған.Анимеде қарапайым футбол командасы емес ол жаңа техникамен жабдықталған.Ол Гоенджидің Отты тарнадо деп аталады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
pashahitman1900
13.01.2021 05:45

Досыма хат.

Сәлем, Алина! Қал – жағдайың қалай? Үйіңе аман – есен жеттің бе? Мен қазір саған ауылдан хат жазып отырмын. Екеуміздің халықаралық балалар орталығында танысқаныма өте қуаныштымын, енді осы хатымда мен саған Қазақстанның көрікті жерлері жайлы айтып кеткенді жөн көрдім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте Қазақстанның Қостанай, Павлодар, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау, Атырау, сонымен қатар шырайлы Шымкент қалаларын аралағым келеді.

Ал сен бұрын Қазақстанда болдың ба? Болмасаң, мен сені қонаққа шақырамын, жазғы демалыс уақытында келіп, қонақ болып кет. Әуелі елордамыз Астана қаласынан бастайық? Астанаға дейін жетсең, өзім ата – анаммен күтіп аламын. Сен пойызбен немесе ұшақпен келсең болады. Қалғанын уайымдама, біздің үйде жатып демаласың.

Хат жазып, хабарласып тұр.

Сәлеммен, досың Амира.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота