igrik25
28.12.2022 00:44

5. Мәтіннен бірнеше сөйлемді «етістік+-ғанда, -генде, -қанда, -кенде» формасында жазып шығыңыз.

Тәуелсіз ел – экономикалық, мәдени, әлеуметтік бағыттары айқын ел. Шын мәнінде, ешкімге тәуелді болмау үшін мемлекеттің өзінің даму жоспары болуы тиіс. Республикамыздың дамуына арналған бірнеше бағдарламалар мен жоспарлар бар. Ол бағдарламалар: Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы, денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, тағы басқалар.
1993 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін әлемнің маңдайалды университеттерінде мыңдаған жас білім алды. 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Серпін» бағдарламасы да ел жастарын қолдаудың бір жолы.
2017 жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Осы мақаладан кейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олар – «100 жаңа кітап», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары, «Туған жер» бағдарламасы.
«Туған жер» бағдарламасы - туған еліміздің тарихын тануға арналған бағдарлама. Елбасы жергілікті биліктің бұл бағдарламаны жинақылықпен және жүйелі¬лікпен қолға алуын тапсырды. Бұдан өзге «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар бар. Олар ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
HorseOfDeath
17.12.2020 07:12

менеджер сөзі; Менеджер  деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда,  егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер-ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл-басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.

Нарықтық сөзі : бұл өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық – экономикалық қатынастар жүйесі.Нарық дегеніміз — тауарды (қызметті) сатып алу болмаса сату мақсатында сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас орнығатын кеңістік. Онда ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеті жеке тауар, жергілікті тауар, ұлттық тауар, аймақтық тауар және дүниежүзілік тауар деңгейінде зерттеледі.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Vsevolod20141
17.12.2020 07:12

"Көз" сөзіне лексикалық талдау.

1. Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы – затты, құбылысты білдіреді.

2. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы:

а) түпкі мағынадағы түбір сөз.

б) омонимі бар сөз: көз – адамның дене мүшесі (Сенің көзің әдемі), көз – бір нәрсенің бастауы (Бұлақтың көзін аш),көз – қарайлап жүру (Кішкентайларға бас көз боп жүр).

 в) синонимі бар сөз : көз – жанар – шырақ.

3. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары:

б)фразеологиялық байлауы бар: көз байлау,көз болу,көз жазып қалу,көз қиығын салу т.б.

4. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары:

б) бейтарап мағыналы.

5. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері:

а) жалпылама лексикаға тән.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота