ivancerbadji
04.12.2021 08:05

Тақырып: Мұхтар Шаханов өмірі, шығармашылығы. «Төрт ана» өлеңі мен «Отырар» поэмасы.
Мұхтар Шаханов (2 шілде1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны, драматургі.
Өмірбаяны
Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969).
"Оңтүстік Қазақстан" (1960-65) "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. «Жалын» альманахының (1984) бас редакторы. «Жалын» журналының бас редакторы (1986). 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы республикалық "Жалын" журналының бас редакторы.
Шығармашылығы
Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды.
Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді.
" " (1968)
"Ай туып келеді" (1970)
"Қырандар төбеге қонбайды" (1974)
"Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты.
Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. Өлеңдерінде философиялық ой басым. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс.
"Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтмановпен бірлесіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.
М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды.
Өлеңдер мен тізімі
«Эверестке шығу»
«Ғашықтық ғаламаты»
«Еркектер жыры»
«Әйелдер»
«Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме»
«Арман»
«Шың басындағы оқиға»
«Алтын, күміс және қалайы»
«Жайықпен жүздескенде»
«Байқаймысың»
«Жалын»
«Жанерке»
«Достық өлкесінің заңы»
«Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап»
«Өзендер»
Қысқаша мазмұны «Отырар» поэмасы
Алты ай бойы Отырар қамалы ұлы Шыңғыс ханға берілмегендіктен Шыңғыс хан өз ұлы Шағатайға ақыл айтады. Алты айдан соң Отырырдағы сатқын Қараша Отырарды сатады. Шыңғыс хан Отырардың ұлы қолбасшысы Қайыр ханды құрметтеп сыйлайтынын білдіреді де, сол себепті ол Қарашаны өлім жазасына кеседі (Қарашаның әкесінің, Қарияның көзінше). Ақыр соңында Қария шеткі елшілер қақпасынан бір баланы құтқарып жібергені туралы айтады.
Шығарма кейпкерлері
Шыңғыс хан - Моңғол ханы, қолбасшы, айлакер, ақылды.
Шағатай - Шыңғыс ханның ұлы.
Қадырхан (Қайырхан) - Отырар ханы,ақылды, ойшыл, данышпан.
Қараша (Қарашоқы) -сатқын.
Қария - сатқынның әкесі, ақылды, данышпан, ойшыл.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nik480
18.01.2022 10:11

Менің досым туралы.

Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.  

"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.  

Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы., сонымен қатар үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.

Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақытты жанмын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!

0,0(0 оценок)
Ответ:
оля20121
17.03.2023 00:22

Ақиқатқа көзім жете жете, басында философ болғым келген, одан кейін ішімдегі толқындар тулап, ақындық қасиет дарып, ақын болам ба дегем. Одан политик, одан кейін әзірге белгісіз. Жалпы спортқа жақын баламын, футбол ойнасам бір желіп шығып қалады, әсіресе финт жасап гол салған. Жалпы футболист болғым келген. Бірақ күш білекте емес, білімде. Әсіресе бұл заманда білім деген сауытың болмаса, мен сол дінін уағыздап шала, мақау молданың, теледидардағы ұзынқұлақтардың арбауына түсетін едім. Жалпы ғылым атаулының бәрі де жақсы. Шүкір өмірге көзқарасым, философиям мықты. Саралап келгенде кім болғым келеді? Ұлт жанашыры, қазақтың атын әлемге паш етіп, Отан үшін отқа түсіп, көзісоқырлардың көзін ашатын ағартушы болсам болғаны

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота