vladmankyta
03.05.2021 10:03

Жеңімпаздар
Жаңа сөздер.
қола жүлдегері - бронзовый призер грек-рим күресі - греко-римская борьба
жеңімпаз – победитель еркін күрес шебері - мастер по вольной борьбе
кедергілермен жүгіру - бег с препятствиями боксшы - боксер
Олимпиада нәтижесі - Результаты Олимпиады қарсыластарымен - с соперниками
Уақыт өте келе - Со временем кәсіпқой балуан - профессиональный борец
Қазақ халқының мақтанышының бірі - Одна из гордости казахского народа

Ереже! Ережені дәптеріңе жаз.
Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сыңарларын әртүрлі мағыналық қатынаста байланыс-тырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, һәм, әрі.
2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (33-аудио). Онда кімдер туралы айтылған? Тақырыбына назар аударыңдар. Кітап, 123 – бет.
Қазақстанның жеңімпаз спортшылары

Ермахан Ыбрайымов – Олимпиада чемпионы, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері. Ольга Шишигина – Олимпиада чемпионы. Ол кедергілермен 100 м жүгіру бойынша байрақты спорт додасының жеңімпазы атанды. Марина Вольнова – Олимпиаданың қола жүлдегері, боксшы. Гюзель Манюрова – Олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрес шебері. Иван Дычко – Олимпиаданың қола жүлдегері. Ақжүрек Таңатаров – Олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрес шебері. Василий Жиров – Олимпиада чемпионы, боксшы. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогіне қол жеткізген алғашқы Қазақстан боксшысы. Юрий Мельниченко – грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы.
«Атақты спортшылар»кітабынан
5-тапсырма. Жеңімпаз болу үшін спортшының бойында қандай қасиеттер болуы керек? Төмендегі сын есімдерді қатыстырып, шағын мәтін құраңдар. Талғаулықты және себеп-салдар жалғаулықтарын қолданыңыздар. Кітап, 124-бет.
Күшті, мықты, керемет, жүлделі, табанды, тынымсыз, еңбекқор

3- тапсырма. Орындары ауысқан сөздерді дұрыстап қойып, сөйлем құра. Дауыстап айт.
Келеді Қазақстандық бері . қатысып жылдан олимпиада спортшылар 1972 ойындарына әрқашан . оралады ойындарынан боксшылары еліміздің жүлделі олимпиада жинадық . мәлімет біз туралы Серік көптеген Қонақбаев күміс Олимпиадасының 1980 жүлдегері Мәскеу С. Қонақбаев . жылы – өткен боксшы.
6-тапсырма. Адасқан әріптерді орнына қойып, ойын түрлерін айтыңдар Кітап, 126-бет.
Дескриптор. Адасқан әріптердің орнына қойып, ойын түрлерін айта алады. Адасқан әріптерді қатесіз жазып, ойын түрлерін айтуда қателіктер жібермейді. Жасалған жұмысты мұғалімнің почтасына немесе WhatsApp номеріне жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AbraevAidar
06.08.2022 02:40

Бозторғайлар (Alaudіdae) – торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, тек Антарктида кездеспейді. 15 туысы, 75 түрі анықталған (1 түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген). Қазақстанда 6 туысқа жататын 13 түрі бар. Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды. Ұя салмаған кезде, топтасып ұшады. Бұлардың ішінде ең көп кездесетіні – бозторғай (Alauda arvensіs). Оның қанатының ұзындығы 8,5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар – жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
gaifuling4owmrcy
03.02.2021 22:10

Есімше.

Қимыл-әрекетті білдірумен бірге есім сөздің де белгілерін білдіретін етістіктің түрі есімше деп аталады: көрген кісі, алған адам, оқылатын кітап, кірер есік, естір сөз, айтылмақ сөз т.б.

Есімшенің жұрнақтары :

1) –ған,-ген, -қан,-кен: жазған, көрген, айтқан, өткен т.б .

2) –ар,-ер,-р,-с: жазар, берер, сөйлер,айтпас, бермес т.б.

3) –атын, –етін,–йтын, йтін: қалатын., көретін, қарайтын, тілейтін т.б.

4)—мақ,–мек,–бақ,–бек,–пақ,–пек: тындамақ, естімек, қайтпақ, кетпек, жазбақ, кезбек т.б.

Есімше заттың белгісін білдіргенде, сөйлемнін анықтауыш мүшесі қызметін атқарады: Естілген сөздің жалған болуы мүмкін. Көрген көзде кінә жоқ.

Көсемше

Көсемше депнегізгі қимыл– әрекеттің қалай; қайтып жасалатынын білдіретін етістіктің түрі аталады. Мысалы, қарқылдап(қалай? ) күлді, күлімсірей( қалай?) қарайды, қасқайып(қайтіп?) тұра қалды,асықпай (қалай?) сөйлейді т.б.

Көсемшеніңжұрнақтары:

– ып, -іп, -п: бар-ып, көр-іп, сана-п, сөйле-п т.б.

–а, -е, -й: сыз-а, қал-а, бер-е, көр-е, сана-й, сөйле-й, келме-й, барма-й, т.б.

–қалы, -келі, -ғалы, -гелі: қайт қалы, кет-келі, тұр-ғалы, кел-гелі т.б.

–қанша, -кенше, -ғанша, -генше: қайт-қанша, өт кенше, бол ғанша, біл-генше.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота