marches
09.06.2022 13:06

Решите по казахскому языку​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Aleksandr123123
09.04.2021 12:08

1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды кестеге жаз.

Көп ұлт өкілдері Қазақстанға қалай және қашан келді? Ол туралы «Жерұйық» фильмінде жақсы айтылған. Фильмнің режиссері – Сламбек Тәуекел. Сценарийдің авторлары: Сламбек Тәуекел мен Сон Лаврентий. Бұл фильм тарихи оқиға бойынша жасалған. Фильмде Сон Лаврентий өзінің балалық шағы туралы айтады.

Фильм қазақ жеріне кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд, т.б. ұлт өкілдерінің жер аударылып келгенін көрсетеді. Қарны аш, киімдері жұқа, жыртық, кір адамдарға қазақ халқы көмектесті.

Фильм «Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп» деген сөздермен басталады. Бұл сөздер – Абай Құнанбайұлының сөздері. Фильмнің басты кейіпкері – Орынбай. Ол – парасатты қазақ азаматының типтік бейнесі. Барша қазақ халқының бауырмалдығы, жомарттығы, адалдығы осы бейне арқылы көрінеді. Рөлді белгілі актер Болат Әбділманов шеберлікпен сомдаған.

Бұл фильм– қазір Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген шынайы алғысының белгісі.

Мәтінде қандай сөздер мен сөз тіркестері жиі қайталанады?

Мәтінге лайық тақырыпты көрсет:

А) С. Лаврентийдің фильмі В) Қазақстан С) Қазақстандағы ұлттар достастығы

Мәтінде қандай мәселе көтерілген деп ойлайсың?

Сен «Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тату және дос» деген пікірге қосыласың ба? Неге олай

0,0(0 оценок)
Ответ:
митгпош
29.09.2022 09:27

Менің сүйікті спортым.

Әр адамның өзінің талғамы мен икеміне сай спорт түрі бар. Мысалға, біреулер қарсылартармен жекпе – жекке шығып, күш сынасқанды ұнатса, енді кейбір адамдар керісінше, қарсыластарын логикасымен жеңгенді ұнатады, тағы біреулері жылдамдықпен байланысты спорт түрлерін жақсы көреді.

Осы орайда, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелеп сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді, ал жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс түрлі болуы мүмкін: баяу, немесе жылдам. Музыканың ырғағына байланысты спортшы түрлі қимылдар жасайды: айналады, секіреді, мұз үстінде жүгіреді. Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.

Мен болашақта үлкен спортшы болмасам да, бұл спорт түрімен өзім үшін айналысамын, сонымен қатар осы спорт түрінен өткізілетін барлық жарыстарды үзбей көріп отырамын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота