ответ:А жасы ұлғайған сайын ой-санасы өсіп,өмірге деген көзқарасы өзгереді.Осы адамның өсу кезеңінде оның ортасы өте маңызды.Әсіресе,жанына жақын адамдары, яғни,отбасысы және ағайындары ол адамға жақын қарым-қатынас жасап,қолдау көрсетуі қажет.Бұл кезең көбінесе жасөспірім кезеңде болып жатады.Отбасылық ұрыс-керістер мен кайшылықтар баланың психологиясына әсерін тигізеді.Тәрбие отбасыдан басталып,одан әрі жалғасып кетеді.Әрбір отбасыдағы болған жайттар тарихқа негізделіп,отбасылық құндылыққа саналады.Шығарма авторы осы өмірлік қағидаларды өзінің ұстанымына айналдырып,өмірден өз орнын таба білген талант(80 сөз).
Объяснение:
Қиял - шығармашылық бастауы.
Тәтті қиялға беріліп, армандамайтын адам жоқ шығар? Адамға қиялдау керек, себебі армандар бізді алдымызға мақсат қою арқылы жарқын болашаққа жетелейді.
Қиял – бізді қанаттандыратын сезім. Қиялдау арқылы біз алысқа көз тігіп, жарқын болашақ туралы ойланамыз.
Ал осы армандарымыз бен тәтті қиялдарымыз қайтсек орындалады екен? Осы сұраққа жауап іздеп көрдіңіз бе? Соңғы кездері ерекше танымалдыққа ие болып отырған визуализация тәсілі туралы естідіңіз бе? Яғни, елестету деген мағынаны білдіреді. Бұл дегеніміз сіз өзіңізге армандаған нәрсеңізге қол жеткізгендей сезініп, өз іс – әрекеттеріңізді көз алдыңызға елестету арқылы сол арманды өзіңізге жақындатасыз. Сонымен қатар тек жағымды ойлаңыз. Сонда сәттілік сізбен бірге болады. Адамдардың көбі ақыл-ойларын өздеріне қиындық әкелетін түрлі проблемалар мен түйткілді мәселелерге аударып, үнемі сәтсіздік пен жағымсыз ойлар жайында ойлап жатады. Бұлай жасау сізге сол қиындықтан құтылуға көмектеспейді, керісінше, ақыл-ойыңыз арқылы қиындықта мәңгі қалуға жағдай жасайды. Қиындықты ойлап, содан неғұрлым құтылсам деп қашқан сайын, ол сізге желімдей жабыса түседі. Одан құтылу үшін – ол жайында ойламай, керісінше көңіліңізді көтеретін тек жағымды ойларға беріліңіз.
Антонимдер:
Жағымды - жағымсыз
Ойлау - ойламау
Сәттілік - сәтсіздік
Синонимдер:
арман, қиял
құтылу, қашу
ойлау, ойға берілу
, мәселе