а) 1. Жетіден он минут кеткенде таңғы ас іштім. 2. Сегізден он бес минут өткенде сабақта отырдым. 3. Оннан жиырма минут кеткенде анам телефон соқты. 4. Он бірден жиырма бес минут кеткенде досыммен әңгімелестім. 5. Он екіден бес минут кеткенде мұғалім сыныпқа кірді. 6. Екіден он минут кеткенде үйге жақындадым. 7. Үштен бір мину кеткенде үйге келдім. 8. Төрттен бес минут кеткенде аздап демалдым. 9.Бестен он сегіз минут кеткенде дүкеннен кітап сатып алдым. 10. Бестен жиырма минут кеткенде дүкеннен шықтым. 11. Алтыдан үш минут кеткенде кешкі асты ішіп болдым.
ә) 1. Сегізге бес минут қалғанда сыныпқа кірдім. 2. Тоғызға он сегіз минут қалғанда екінші сабақ басталды. 3. Онға он минут қалғанда дәптерімді өткіздім. 4. Он бірге үш минут қалғанда тақтаға шықтым. 5.Он екіге бес минут қалғанда денешынықтыру басталды. 6.Бірге бір минут қалғанда сабақ аяқталды. 7. Екіге он бес минут қалғанда үйге қайттым. 8. Төртке жиырма бес минут қалғанда серуендеуге шықтым. 9. Беске жарты сағат қалғанда дүкенге кірдім. 10. Алтыға жиырма минут қалғанда кешкі ас іштім. 11. Жетіге бес минут қалғанда ертеңгі сабаққа дайындалуға отырдым.
Объяснение:
Алтын орда әдебиеті жас ұрпақты патриоттық отаншылдыққа тәрбиелейтін құнды мұра.Осы ретте тарихи жырлардың («Еңсегей бойлы ер Есім», «Абылай хан», «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр», «Шақшақ Жәнібек батыр», «Райымбек батыр», «Ер Жәнібек», «Олжабай батыр», «Өтеген батыр», «Исатай-Махамбет», «Досан батыр», «Сұраншы батыр», «Бекет батыр», «Кенесары-Наурызбай», «Жанқожа батыр», «Арқалық батыр», «Ер Әжібай», т.б.) негізгі идеялық мазмұны елді басқыншы жаулардан қорғап, ел мен жердің бүтіндігін сақтау болып келеді.
Әдебиетте батырлар (Ер Есім, Төле би, Қабанбай, Бөгенбай, Абылай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек, Олжабай, Ер Жәнібек, Барақ, Ер Әжібай, т.б.) қорқуды білмейтін, жаужүрек жандар. Сонымен қоса батырлардың жекпежектері мен мінген аттарына ғана мән беріліп қоймай, олардың сыртқы тұлға-бітімдеріне де назар аударып, жалпы жұртқа үлгі ете жырлаған. Сөйтіп, елдік пен ерлік туралы халық идеясын жарқырата ашқан. Батырларға портреттік сипаттама берумен бірге олардың адамгершілік қасиеттері де қаға беріс қалмаған. Осы ретте хандар да жырдың негізгі қаһармандары қатарында көрінеді. Ханның әділ болуы – елдің бағы. Елін құрап, ерін біріктіріп берекеге шақырса, бұл – ханның ақылдылығы. Ел тағдырын ойлап, әр істі ақылдасып шешу де ханға қажет әрекет. Біз сөз еткен жырлардағы хандар – ел мүддесін алғы кезекке қойған жақсы істерімен жарқырап көрінетін тұлғалар. Сондықтан олардың іс-әрекеттері мадақ етіледі, барынша шынайылықпен өрнектеледі.